Қазақ тілі - Конституция бойынша Қазақ мемлекетінің жалғыз ғана мемлекеттік тілі
Ресми дерекше Қазақ еліндегі Қазақ саны 71 пайызға жетіпті. Менің пайымымша бұл көрсеткіш қазір кемі 80 пайыздың үсті. Әлі де өседі. Оның үстіне Қазақ тілі - Конституция бойынша Қазақ мемлекетінің жалғыз ғана мемлекеттік тілі.
Ендеше билік, баспасөз, бизнес, ФБ негізінен орыстілді болғаны кімнен? Ең алдымен, ресейлік, отарлық, құлдық қамыттан шықпаған өзіміздің Қазақстан. Біз неге басқаның тілінде сөйлеуге бағынуымыз керек? Азшылық неге біздің - көпшіліктің тілінде сөйлемейді? Бар жерде: отбасында, далада, жұмыста дүкенде Қазақша сөйлейік. Сол арқылы құр пенде емес, осы елдің қожайыны кім екенін көрсетейік. Өзімізді өзіміз сыйламасақ, бізді ешкім адам құрлы көрмейді. Санды сапаға аударар кез келді ғой. Өзімізден бастайық.
Дереккөз: Расул Жұмалының Facebook-тағы жеке парақшасынан алынды. Автордың рұқсатымен жарияланды.