«Құдай жоқ» деген Қонаев атында мешіт ашамыз деп жанығып жүргендер бар
"Алматыда 7000 орындық мешіт салынуы мүмкін деген жақсы хабар келді. Ірге тасын қалауы 16 ақпанда болады екен. Кімде қандай хабар бар? Аузыма май, астыма тай болғай", - деп әйелі ұл тапқандай қуаныпты осында бір қазақ.
Қазаққа қажет пе осы қаптаған мешіт? Алматы қаласының қақ ортасынан, Жандосов пен Розыбакиев көшелерінің қиылысынан бір мешіт бой көтерді. Қып-қызыл коммунист Бәйкен Әшімовтың атында. Жұма күні түс кезінде сол маңда каша-малаша болып жатады.
Осыдан үш-төрт жыл бұрын Кремльдің қолшоқпары, партиясымен қосылып алып: Құдай жоқ! - деп айқайлаған Д.Қонаев атындағы мешіт саламыз деп жанығып жүрген біреулер... Қайда сол мешіт?
Қазақтар, мешіт емес, мектеп салыңдар... - деп айқайлаппын осыдан екі жыл бұрын.
Дереккөз: Нағашыбай ЕСМЫРЗАНЫҢ Facebook-тағы жеке парақшасынан алынды. Автордың рұқсатымен жарияланды.
Фото: voxpopuli.kz.