Фонограммаға заң жүзінде шектеу қойылу тиіс
Əннің де естісі бар есері бар, тыңдаушының құлағын кесері бар деп, Абай атамыз айтқандай ессіз əндер мен, есер, даусы жоқ ыңырсыған əншілер фонограмма деген құдіреттің арқасында халықтың санасын улап, қазақ сахнасын, телеарнасын, телерадиосын ластап жатыр.
Аяғы лас адам есіктен төрге дейін ластайды, пейілі лас адам бесіктен көрге дейін ластайды деп дана халық айтқандай төрімізде намыстан жұрдай денесін ашқан, күлін шашқан, өз-өзін сыйпалаған небір ар-ұяттан жұрдай шошаңдаған қыздарымыз, құлағына сырға тағып, шашын түрлі түске бояған қыз кейпіндегі жігіттеріміз телеарнаның бетін бермей көрге дейін ластамаса болғаны.
Біз қайда барамыз. Үкімет қайда қарап отыр. Мəдениет жəне спорт министрінің құлағына алтын сырға. Фонограммаға заң жүзінде шектеу қойылу керек. Мына сорақылыққа қашан нүкте қойылады. Қашанғы өтірік өнерді дəріптейміз. Əнші болғысы келсе жанды дауыста əн салсын. Сонда белгілі болады кім əнші, кім жалшы екені. Дəстүрлі өнер неге тасада қалу керек. Қазақтың əні, күйі, жыры қазаққа ғана керек. Ол ұлт қазынасы, мұрасы. Қазақтың дəстүрлі ұлттық өнері, əні өлсе, əдебиеті жесір қалады деген Сұлтанмахмұт Торайғыров.
Дереккөз: Ардақ ИСАТАЕВАНЫҢ Facebook-тағы жеке парақшасынан алынды. Автордың рұқсатымен жарияланды.
Фото: yesasia.ru.