Бірінші сыныптың мұғалімі Берік Уәлидің сауат ашу сабағы
Бұрын:
Алфавиттің А тұрады басында,
Әрқашан да Ә тұрады қасында,
Байқадың ба? Б тұрады үшінші,
Осылардың сыры неде?... түсінші.
А – деген ол аналар ғой, ардақты
Ә – деген ол әкелер ғой, салмақты
Б – деген ол балалар ғой ойнақты.
Біздің елде үшеуі де кәделі
Сондықтан да, алшақ кетпей расында
Тұрады олар алфавиттің басында.
Әбдіраштың Жарасқаны
Қазір:
Алфавиттің А тұрады басында,
Үтірі бар А тұрады қасында.
Бұрынғыдай Б тұрмайды үшінші,
В тұрады. Бұның сырын түсінші.
А – деген ол Ахметтей бабаң ғой,
Ал, А'- деген ақылы аздау әғәң ғой .
В - деген ол басы қатқан Bi'ligin',
Бұның бәрін сараптайтын санаң ғой.
Ноқатты әріп көп ұзамай түзелер,
Ал, қазірше мал мен жаның аман ғой.
Дереккөз: Бейбіт САРЫБАЙДЫҢ Fasebook-тағы парақшасынан алынды. Автордың рұқсатымен жарияланды.