Қаз   Рус

Жемқорлар қай салада көп

585 қаралды
0
Ратель
Среда, 31 Янв 2018, 13:30

Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлық қылмысын кімдер көп жасайтынын айтты

Былтыр жемқорлық қылмысының денін әкімдік, ішкі істер органдары мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері жасаған. Бұл туралы бүгін мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик ШПЕКБАЕВ мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Оқи отырыңыз
Оңтүстік Қазақстанда тағы бір судья қамауға алынды

"Өткен жылы жемқорлық сипаттағы 1835 заң бұзушылық тіркелді, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 18 пайызға аз. Бұған, ең алдымен, ауыр және аса ауыр қылмыс түрлері мен жүйелі жемқорлыққа баса назар аудару  септігін тигізді. Бұл жұмыста агенттік пен азаматтық қоғамның атқарған рөлі өте зор. Үйлесімді жұмыстың нәтижесінде 108 жүйелі жемқорлық фактісінің жолы кесілді, ол бойынша 320 адам қылмыстық жауапқа тартылды. Өңірлер арасында мұндай фактілер Алматы, Қызылорда, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында көп тіркелді", — деді Шпекбаев бүгін өткен алқа отырысында. 

Сондай-ақ, агенттік төрағасының ақпаратынша, 4 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілген. Мемлекетке келтірген 15,8 миллиард теңге залалдың 14 миллиарды немесе 88 пайызы қайтарылды. 

"Жемқорлық қылмысының ең көп таралған түрі – парақорлық, ақша жымқыру және қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану. Республикалық деңгейдегі 19, облыстық деңгейдегі – 98, қалалық және аудандық деңгейдегі 152 басшы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қылмыстың денін әкімдіктер, ішкі істер органдары мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері жасаған. Жемқорлықтың жоғары деңгейі білім, ауыл шаруашылығы, құрылыс және денсаулық сақтау саласында сақталып тұр. Мұның бәрі мемлекеттік органдар мен мекемелер басшыларының көп жағдайда жемқорлық тәуекелдерін жоюға немқұрайлылық танытуынан немесе жағдайды өзгертуге қауқарсыздығынан болады. Сондықтан біз премьер-министрдің және ҚР Президенті әкімшілігі басшысының атына жүйелі жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты шаралар қабылдамаған орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшыларын  тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыным енгізу туралы шешім қабылдадық", - деді Шпекбаев.

Сондай-ақ, агенттік төрағасының ақпаратынша, 4 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілген. Мемлекетке келтірген 15,8 миллиард теңге залалдың 14 миллиарды немесе 88 пайызы қайтарылды. 

Дереккөз: Sputniknews.kz.

Фото: inform.kz

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.