Қаз   Рус

Жазира Қошанова: Шетелдіктің ермегіне айналмадым

8337 қаралды
0
Динар ҚАМИЛҚЫЗЫ
Воскресенье, 04 Фев 2018, 14:30

Жуырда әншінің қайтып елге оралғаны көптің күдігін туғызды

Жазира ҚОШАНОВАНЫ тыңдарман «Қоңыр» тобы арқылы таныды. Өткен жылы әнші қыздың топтан кеткенін біреулер шетелдік азаматқа тұрмысқа шыққандығымен байланыстырса, енді біреулер топтағылармен тіл табыспадыға санаған. Бұдан соң шетелдік біраз басылымнан қазақ қызының сән әлемінде бағын сынап жүргенін естігеніміз бар. Жуырда Жазираның қайтып елге оралғаны көптің күдігін туғызды. Осы орайда біз әншінің өзімен жолығып, мәселенің мән-жайын сұрадық.

- Жазира ханым, жуырда шетелден келіпсіз. Елге орала салысымен, шығармашылық жұмысқа қызу кірісіп кеткен боларсыз?
- Әрине елге келе салысымен уақытты оздырмайын деп, шығармашылыққа білек сыбана кірісіп кеттім. Енді сахнаға жеке ән айтып шықсам деген ниетім бар. Осы орайда жаңа әндер жаздырып жатқанымды айта кеткім келеді. Бұйырса солардың біріне бейнебаян түсірсем деген жоспарым бар. Осылайша алыстан сағынып келген тыңдарманыммен қауышсам деймін.

- Сіздің Малайзияда модель болып қызмет етіп жүргеніңізді естіп едік. Елге қайтып оралуыңызға не себеп болды?

- Егер шынтуайтын айтар болсам, ол жақта менің жігітім болды. Алғашқыда екеуіміз араласып, сөйлесіп жүрген едік. Сосын ол кісі мені жанына шақырды. Бір-біріміздің мінезімізді жақын танысақ деген ойымыз болды. Бір жағынан модельдік бизнестің қыр-сырын меңгеріп көрсең деген ұсыныс тастады. Мен де оң мен солымды танитын жасқа келгендіктен, жеке өміріме көңіл бөлгім келді. Оның үстіне атам қазақ «Қыз мақсаты кету» деген. Тұрмысқа шығып, сәби сүйіп, бір ошақтың түтінін түтету кез келген қыздың міндеті ғой.

Сөйтіп алдымен болашақ жарымды танып білу мақсатында жігітімнің шақыртуын қабыл алдым. Бірақ, бір айта кететінім, барған күннен бастап екеуіміз екі бөлек пәтерде тұрдық. Жұрт ойлағандай оның «ермегіне» айналмадым. Бірақ уақыт өте мінезіміздің жараспайтынын түсіндік. Шетелде тұрып еркіндікте үйреніп қалған соң ба, екеуіміздің парасат-пайымымыз үйлеспейтін болып шықты. Ол кісінің көзқарасымен келіспейтін болғандықтан, ешқандай ұрыс-керіссіз қарым -қатынасымызды тоқтатуға тура келді. Бірақ мүлде бет көріспей кеттік деп айта алмаймын. Ұялы байланыс арқылы бір-біріміздің қал жағдайымызды сұрап тұрамыз.

Оқи отырыңыз
Мақсат Рахмет: Дәстүрлі өнер құлдырау кезеңінде тұр

Ал қызметім жайлы айтар болсам, бара салысымен бірнеше сән агенттіктеріне суретімді жібердім. Аллаға шүкір, көптеген ұсыныстар түсті. Соның арқасында үлкен подиумдарда төбе көрсеттім. Түрлі фотосессиялар жасатып, біраз жарнамаларға түстім. «Ең үздік ондық» модельдің қатарына да қосылдым. Бірақ модель болуды аса қатты қалап бармағандықтан, бұл кәсіптің соңында басыбайлы кеткен жоқпын. Әйтсе де сол жақта тұрған сегіз айдың ішінде біраз жетістіктерге қол жеткізіп үлгердім. Жігітіммен жұбым жараспағандықтан не болмаса жұмысым өнбегендіктен емес, туған жерімді, ата- анамды, ағайын-туыс, бауырларымды сағынғандықтан елге келдім. Басыбайлы қайтып келдім дей алмаймын. Біраз сағынышымды басқан соң, қайтадан шетелге аттанып кетуім мүмкін. Қазір көптеген елдердің сән агенттіктерімен келіссөздер жүргізіп жатырмын.

Негізінде адамның ойы жүйрік қой, шіркін. Менің қайтып келгенім жайында көпшілік түрлі қауесет таратып, түрлі жорамалдар жасап жатқан көрінеді. Бірақ қандай елге, қандай жерге келін болып түссем де, еңсемді тік көтеріп жүре аламын. Ата-анамның да, өзімнің де алдымда арым таза.

- Қазір шетел азаматтарына тұрмысқа шығып жатқан қыздарымыздың саны күн санап өсуде. Шетелдік жігіттердің қазақ жігіттерінен айырмашылығы неде? 

- Біріншіден, менің жігітім шетелдік емес, шетелде тұратын азамат. Ұлты қырғыз. Ең бастысы - мұсылман. Бұл арада өз анамның да қырғыз ұлтының қызы екенін айта кеткім келеді. Ол жігіт те Қырғызстанда дүниеге келген, ата-анасы сонда тұрады. Бір байқағаным, біздің жігіттер мен шетелдік азаматтардың түсінігі бөлектеу болады екен. Олар көбінесе еркін қарым-қатынасты қалайды. Ал мен үшін ондай қылық жат көрінді. Бар айырмашылық осында. Ал қаражат жағынан айтар болсам, өзіміздің қазақтың жігіттерін қалтасы тесік дей алмаймын. Аллаға шүкір, тепсе темір үзетін, жағдайы жақсы жігіттеріміз жеткілікті. Мені еліткен азаматтың байлығына қызығып кеттім дей алмаймын.

Оқи отырыңыз
Баян Нұрмышева: Дәстүрлі әнге сұраныс азайып барады

- Қазір қазақ қыздарының шетелдік азаматтарға тұрмысқа шығып жатқандығы қоғамда қызу талқылануда. Осындай қаракөздерді сатқынға балап, азаматтығынан айыруды алға тартып жатқандар бар. Бұған не айтасыз?

- Бұл сұрағыңызға нақты жауап бере алмаймын. Себебі біз тағдырды емес, тағдыр бізді таңдайды. Кімнің маңдайына не жазылғанын ешкім тап басып айта алмайды. Алла пешененсіне қандай адамға жар болуды жазады, мәселе осында. Мен шетелге барып, қайтып келсем, шетелдікке тиген басқа қыздар да жар таңдауда жолы болмай оралады деген сөз емес болар. Сондықтан бұл сұраққа мардымды жауап бере алмаймын. Әр адамның тағдыры әртүрлі.

- Өз ішімізде де атын қалыптастырған азды көпті дизайнерлеріміз бар ғой. Жазираны отандық бір брэндтің бет- бейнесі ретінде көруіміз мүмкін бе?

- Әрине модельдік кәсіпті жалғастыруым әбден мүмкін. Бірақ көпшілік мұны лас кәсіптің көзіне балайды. Бірақ жаман мен жақсыны айыра білу- адамның өз санасына байланысты. Өз басым нанымды адал жолмен тапқанды қалаймын. Айтып отырғандай отандық сәнгерлерден біраз ұсыныстар түсіп жатыр. Алла қаласа елдегі подиумдардың бірінен көресіздер деген үмітім бар.

Оқи отырыңыз
Мадияр Серікбаев: Жат ағымға қатысымыз жоқ

- Жазираның ән әлемінде қанатын қақтырған «Қоңыр» тобы еді. Егер қайтадан ұсыныс түсіп жатса, Жазираның топпен қайтып қауышуы мүмкін бе?

- Біраз тыңдарманды менің топтан кеткендігім мазаласа керек. Ұрысып қалды ма, не болмаса келіспей қалды ма деп алаңдайтындар бар көрінеді. Бірақ топтың мүшелерімен де, продюсерімен де ешқандай түсінбестік болған жоқ. Ағаларымның ақ батасын алып кеткенмін. Әлі күнге дейін сыйласып, хабарласып, тіпті жұмыс бабымен кездесіп тұрамыз. Шетелге кетерде екі ай бұрын топтың продюсері Сержан МОЛДАСАНҰЛЫ ағам кастинг өткізіп, орныма әнші қыз алатындығын айтты. Өзім де сол таңдауға қатыстым. Сол іріктеуде Гүлзат есімді әдемі әншінің бағы жанған еді. Өте керемет әнші. Қазір топ құрамында сол аруымыз өнер көрсетіп жүр. Сондықтан топқа қайтып бармайтындығымды жеткіземін. Бірақ әлі күнге дейін сыйластығымыз дұрыс.

- Атам қазақ «Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген ғой. Шетелге барсам бағым жанады деп, білек сыбанып жүрген жастарға айтарыңыз бар ма?

- Әрине, «Халық айтса қалт айтпайды» деген. Десе де өзгеге ақыл айтатындай дәрежеде емеспін. Менің де әлі жасы үлкен ағалар мен апаларымнан алар ақылым, өмірден үйренерім көп. Жоғарыда айтып өткен келіссөздер ойдағыдай шешілсе, шетелге кетіп қалуым мүмкін.

Бірақ кесіп-пішіп нақты ештеңе айта алмаймын. Себебі барлығы уақыттың еншісіне байланысты. Әйтсе де ендігі жолы әлем халқына елімнің өнері мен мәдениетін таныту мақсатында барамын. Ар намыс пен ата-салтын ұлықтаған қазақ қыздарының табиғатын әлемге танытқым келеді. Әйтпесе қара басымның қамын ойлап, атақ пен ақша үшін бәйгеге түсіп озбасым анық. Әзірше жеке шығармашылықпен айналысатын боламын.

Фото әншінің архивінен алынды.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.