«Жұлдызды» Instagram жаңалықтары
@aizhuidyz_adaibekova Жуырда Алматыдағы мейрамханалардың бірінде елу жасын дүркіретіп атап өткен белгілі әнші Жанар АЙЖАНОВАНЫҢ қызы сынның астында қалды. Халық әндерін нақышында айтып, ата салттан аттамаған әншінің қызының анасының мерейтойына киген киімі көпшілікке ұнамаған.
Айжұлдыз туған күн арасында түскен суретін қойып, ағылшын тілінде анасын құттықтаған жазбасының соңына орыс тілінде : «Талғамға талас жоқ. Өзімнің стилім өзіме айрықша» - дегенге жазба қалдырды.
Алайда, бойжеткен қыздың талғамына талас тудырғандар аз болмады. Бірі - жастарға не кисе де жарасатындығын айтып, аға буынның аузына қақпақ болса, енді бірі-анасының туған күніне әдемі көйлек киіп келудің жөні бар екенін жеткізген. Осылай деген көпшілік Айжұлдыздың стилін жастар арасындағы кешке киюге келетінін алға тартып, оған ақыл кеңес беруге тырысқан.
Sarsenbaeva92 есімді желі қолданушысы: «Анаңдай бол. Анаңа тартсаң қор болмайсың. Жанар апайдың қызы екеніңді сүйкімділігіңмен дәлелде, алба-жұлба американдықтарға еліктемегенің дұрыс. Өз ойым» - деген екен.
Бізге белгілісі, Айжұлдыз өткен жылы шетелде білімін жетілдіріп қайтқан болатын.
@ bayanmaxatkyzy Баян Алагөзованың төңірегінде тағы да дау шықты. Осыдан біраз уақыт бұрын желіде бір кезгі «Кешью» тобында ән айтқан Мөлдір Әуелбекованың Баянның топ қыздарын ашық-шашық киінуге мәжбүрлегені айтылған сұхбаты тараған.
Бұл көп ұзамай продюсердің көзіне түссе керек, ол Мөлдірге шүйлікті. Баян инстаграмына өзінің шамына тиген тақырып пен Мөлдір екеуінің суреті қойылған парақшаны қойып былай деді: «...Қарай көр қалайша «әдемі сайрайды» мүмкін бірге отырып сұхбат береміз менің көзіме тура қарап отырып шындығында қалай болғанын айтып берерсің. Қане, Молечка, БАҚ-тың қайсымен келісу керектігін өзім ұйымдастырамын. Супер болады, уәде беремін. БАҚ тың әсірелеп жібергеніне әлі де үміттімін. Және барлық жария болған сандырақ өтірік болып шығады деген сенімдемін» - деп, орыс тілінде жазба қалдырды.
Продюсер ақпарат құралдары бетіндегі жеке өмірін сөз ететін жазбаларға да үлкен ыждахаттылықпен мән беретін болса керек. Жуырда «31» арнаның «Айта берсін» бағдарламасында белгілі көріпкел Клара Күзденбаева Баян туралы болжам жасаған. Ол биылғы жыл Баянның өміріне өзгеріс әкеліп, тіпті ана болатындығын жеткізген. Клараммен қатар тұрған суретін жариялаған ол: «Клараны сегіз жылдан бері білемін, айтқандары тура келеді. Маған апа болатын кез келді. Ал, Клара басқаны болжаған» - дейді.
Мұны оқыған желі қолданушылары Баянның екі қызы барын ескеріп, ұл тууына тілек білдірген.
@askhatkylyshbek Павлодар қаласындағы концертінде орын алған жағдайдан кейін ел ішінде Төреғали ТӨРӘЛІНІ қаралау «операциясы» жалғасуда. Төреғалиға жуырда тағы да мін тағылды.
Алайда, Төреғалидың өнердегі досы, әрі құрдасы белгілі ақын Асхат ҚЫЛЫШ-БЕК әншіге араша түсті. Даудың басы мынадан шығып отыр. Жуырда әлеуметтік желілерде Төреғалидың бір топ жігіттер арасында қолына стақан ұстап тұрған суреті пайда болды. Алайда, мұны көріп зығырданы қайнаса керек, жуырда ғана инстаграмға тіркелген Асхат ақын Төреғалиды «алқаш» атандырған суреттің тарихын баяндап берді. Ақынның ұзын-сонар жазбасынан түсінгеніміз 2009 жылы Төреғали мен оның әндерінің авторы Қайнар АЛАГӨЗОВ бастаған бір топ өнерлі жігіттер Жамбыл облысының ауылдарын аралап концерт берген. Кезек «Жаңа тұрмыс» ауылына келгенде Асхат әншілерді өз үйіне түсіріп, қонақ еткен.
«...Жүрген жерімізде арнайы видео оператор түсіріп жүрді. Видеосы менде сақтаулы тұр. Дәлел керек дегендерге көрсете аламын. Төрештің қолындағы дюшес болар. Сол кездегі жағдайымыз соған жететін, әрі «хит» сусын еді ғой сол уақта. Орынсыз қараламайық баланы. Өсер елдің баласы емеспіз бе?!» - деп жазды Асхат Қылыш-бек парақшасында.
@nurlankoyanbaeyev Нұрлан ҚОЯНБАЕВ кино түсіруді кәсіпке айналдырды. Осыдан біраз уақыт бұрын «Бизнес по-казахски в Америке» фильмін тарту еткен ол, ізін суытпай тағы бір туындысын жарыққа шығармақ. Бұл жолғы комедиясы «Каникулы в Таиланде» деп аталады екен.
Киносының жуырда еліміздегі кинотеатрлардың бірінде тұсауы кесілетін айтып: «Достар, фильмнің жарыққа шығуына санаулы күндер қалды» - деп көрерменді жініктірген. Нұрланның бұл фильмін «Мальчишник в Вегасе» фильмінің баламасына жатқызғандар да табылды.
Фото: Instagram.com.