Қаз   Рус

Өзге елге Олимпиада медалін алып берген қазақтар

2101 қаралды
0
Қанат ТІЛЕУХАН
Пятница, 23 Фев 2018, 12:00

Жат жұрттық болып кеткен қазақ жастары арасынан Олимпиада чемпиондарын іздеу керек пе?

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында қазақ қызы алтынан алқа тақты. Ол – Динара ӘЛІМБЕКОВА.

Биатлоншы қыз Беларусь құрамасы сапында 4х6 шақырымдық әйелдер эстафетасының жеңімпазы атанды. Қазақтан шыққан тұңғыш чемпион қыз 1996 жылы Қарағанды облысындағы Абай қаласында дүниеге келген.Үш жасында ата-анасымен Қазақстаннан қоныс аударған. Әкесі - қазақ, анасы - беларусь. Өзінен кейін Евгений және Ульяна есімді інісі мен сіңлісі бар.

Беларусь президенті Александр ЛУКАШЕНКО биатлон эстафетасында жеңіске жеткен Динара Әлімбекова, Надежда СКАРДИНО, Дарья ДОМРАЧЕВА, Ирина КРИВКОНЫ «Жеке ерлігі үшін» орденімен марапаттау туралы қаулыға қол қойды.   

Динара өзге елге Олимпиада жүлдесін алып берген бірінші қазақ спортшысы емес. 1972 жылы Мюнхен жазғы Олимпиада ойындарында сол кездегі Өзбек Кеңестік Социалистік Республикасының азаматы Әлжан ЖАРМҰХАМЕДОВ (суретте сол жақтағы бірінші) олимп алтына ие болды. Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы 1976 жылы олимпиаданың қоласын да жеңіп алды.

Қысқы Олимпиададан тұңғыш алтын алған қазақ қызы Динара сынды Әлжан Мүсірбекұлының да анасы өзге ұлт өкілі. Оның анасы Прасковья ЖЕРОНИНА украин болған.

2000 жылы Сидней Олимпиадасында ШҚО-ның тумасы Айдын СМАҒҰЛОВ (cуретте он жақтағы бірінші) Қырғыз Республикасының атынан шығып, қола медаль иеленді. Қазақстан ұлттық құрамасына кіре алмай қалған дзюдошы көрші ел атынан бақ сынауды шешкен. Ол қазақтан шыққан тұңғыш дзюдошы Олимпиада жүлдегері атанған. Және Қырғыз Республикасының тарихында тұңғыш Олимпиада жүлдегері боп аты қалды.

2008 жылы Бейжің ойындарында этникалық қазақ Қанат ИСЛАМ аспан асты еліне бокстан қола медаль алып берді. Қанат ҚХР-нің Алтай аймағында 1984 жылы туған. 2010 жылы атажұртқа оралып, 2011 жылы Қазақстан азаматтығын алған. Қазір Қазақстан атынан кәсіпқой рингке шығып жүр.

2016 жылғы төрт жылдықтың басты спорттық додасында Елмұрат ТАСМҰРАТОВ Рио төрінде қола медаль жеңіп алып, Өзбекстанның туын желбіретті. Грек-рим күресінің шебері Елмұрат Зұлыпқарұлы 1991 жылы Өзбекстанның Ташкент облысы, Бостандық ауданы, Қызыл Ту ауылында дүниеге келген. Елмұрат өзбек күрес мектебі арқылы спортқа қадам басқан. 2004 жылы ата-анасы атажұртына жібереді.

Елмұрат Түркістан қаласындағы Бекзат САТТАРХАНОВ атындағы спорттық мектеп-интернатта төрт жыл білім алады. Балуан Қазақстан құрмасы сапында өнер көрсетуге ықласты болған екен. Алайда оны бапкерлер елемеген. Содан кейін туған жері Өзбекстанға қайта оралған.

Фото: youtube.com, e-history.kz, tripadvisor.ru, azattyq.org.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.