Көнбегендер түрмелердегі "саяси үйренулерге" тоғытылады деген хабар тарап жатыр
Қытайдағы қазақтардың басына төнген қатер бұлты енді тұтас қандастарымызды қытайластырып, көшпелілік дін мен салттан бездірді. Қытай үкіметі күшпен енгізген "ұлттар туыс болу, бір үйлі жанға айналу" саясаты жемісін беріп-ақ жатыр екен.
Қытекеңдер өздерінің жаңа жыл меркесіне қарсы әр қазақтың үйіне доңыз етінен түйілген 200 тал тұшпарадан таратып, қытайлармен бірге тамақтануға үндепті. Көнбегендер түрмелердегі "саяси үйренулерге" тоғытылады екен деген хабар да тарап жатыр.
Ол жақтағы 3 миллионға жуық қандастың мүмкіндігінше Елге әкеліп алмасақ, аз жылда тұтастай жұтылып кетері көрініп тұрған шындық!
Видео қазақ отбасына "туыс болып" қосылған қытай әйелінің WeChat желісінен алынды.
Дереккөз: Ұларбек ДӘЛЕЙҰЛЫНЫҢ Facebook-тағы жеке парақшасынан алынды. Автордың рұқсатымен жарияланды.
Фото: zona.kz.