Қаз   Рус

Түркияда жәбір көрген павлодарлық әйел елге оралды

1075 қаралды
0
Әйгерім ЖЕТПІСОВА
Среда, 21 Фев 2018, 10:15

Стамбулдағы күйеуі ұрып-соққан Виктория Мозговая бір жарым жастағы қызымен Павлодардағы үйіне қайтып келді

Елге аман-есен жеткен Виктория Мозговая Қазақстанды қатты сағынғанын айтады. Стамбулдан Елорда, одан кейін Керекуге келген әйел туған жерін көргенде көз жасын тыя алмаған екен. Бұл оқиғаға дейін сәбиін жалғыз өзі тәрбиелеген келіншек Түркиядағы бұрынғы азаматтық некедегі жұбайының «осында келсең, заңды некеге отырамыз» деген сөзіне нанып, кішкентай қызымен сонда аттанған. Бірақ. шетелге жеткенінде күйеуні ортақ бақыт емес, баланың керек екенін түсініпті. Кейін әйелді жәбірлей бастаған азамат оның Керекудегі жақындарына хабарласып, баланы тартып алатынын жеткізген.

Оқи отырыңыз
Ақтөбелік жігіт "ғашықтар" күніне наразылық білдірді

- Тұтқында болдық деуге болады. Қол көтеруді бастаған соң елге қайтуды жөн санадым. Енем де жиі айқайлап, ұрып соқты. Ұшаққа билет алуға барғанымда күйеуімнің қызым Айлиннің Түркиядан шығуына тыйым салып қойғанын білдім. Өзімді қоярға жер таппай, Қазақстанды сағынудан басқа амал таппадым, - дейді ВИКТОРИЯ МОЗГОВАЯ.

Мехмет Аксой есімді азамат бұдан кейін қыздың әкесіекенін заң бойынша дәлелдеу үшін Түркияда азаматтық іс қозғалтқан. Осы орайда кішкентай Айлинге сот-медициналық сараптама жасатамын деп айғай-шу да ашқан. Ал жергілікті сотта оның әке екені расталып, қызының осы елде мәңгілікке қалып қоятынынан қорыққан Виктория бұл туралы Қазақстан Консулдығына хабарлаудан басқа амал таппапты.Бұл жағдайда алаңдаған Викториның әкесі де Стамбулға жетіп, онда өздеріне қолдау көрсеткен ел дипломаттарына алғыс айтуда.

- Консул бізді барынша қолдап, көмектесіп жүрді. Бұған дейін сот адвокатымыздың баланы Түркиядан шығаруға тыйымды алып тастау туралы жіберген нотаны жауапсыз қалдырған болатын. Ал іске Қазақстан дипломаттары араласқан кезде бәрі өзгеріп шыға келді. Олар тіпті ұшаққа да билет сатып алып берді. Сағызша созылған іске бір-ақ күнде нүкте қойылды. Отбасыма қолдау жасаған консулдық қызметкерлеріне алғысым шексіз, - дейді ВИКТОР МОЗГОВОЙ.

Қиын жағдайға кенелген балалы әйелге консулдық өкілдері орыс тілді адвокатты жалдаған. Бұған қоса, отбасын Стабул шаһарындағы қонақ үйлердің біріне орналастырған екен.

- Виктория Мозговаяға жергілікті орыс тілді адвокат ұсынылды. Стамбулдың Жанұя сотына оның қызы Айлин Мозговаяға шетелге шығуға тыйым салатын шешімді қайта қарастыру бойынша ресми өтініш жолданды. Одан кейін осы мәселені шешу үшін біздің Қазақстанның Түркиядағы елшісінің өзі де кірісті. Қыздың әкесі өзінің әке екенін дәлелдеген жағдайда да бала анасымен қалар еді. Өйткені, бүлдіршін Қазақстанда туған, яғни Қазақстан азаматы болып табылады. Осы дәйектерді сотқа жеткізіп, мәселенің дұрыс шешім табуы үшін біздің қызметкерлер жұмыс атқарды, - дейді ҚР СІМ ресми өкілі ӘНУАР ЖАЙНАҚОВ.

Осылайша Отанына аман-есен оралған Виктория енді бұл сұмдықты ұмітқысы келеді. 35 жастағы әйел түрік азаматымен 3 жыл бұрын араласа басталған екен. Кейін шетедік жігіт Павлодарға келіп, оны өз отаны Түркияға алып кетіпті. Бағым ашылды деп қуанған келіншек күйеуімен азаматтық некеде тұрып келген. Ал оның жүкті екенін естіп білген түркиялық «ханзада» көп ұзамай ізін суытқан екен. Алданғанын ұққан Виктория сол кезде де Қазақстанға оралған. Кезекті рет сезімге ерік берген ол енді қызымен Қазақстанда тұруды қалайды.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.