Қаз   Рус

Төреғали неге намазға жығылғанын айтты

3510 қаралды
0
Динар ҚАМИЛҚЫЗЫ
Суббота, 20 Янв 2018, 14:00

«Жұлдызды» Instagram жаңалықтары

@toregalitoreali Аңдамай сөйлеймін деп, тыңдарман алдындағы абыройынан айрылған Төреғали ТӨРӘЛІ намазға жығылды. Инста парақшасына ақын досы Қайнар АЛАГӨЗОВПЕН түскен суретін салған ол :

«Ақын намаз оқыса хақты танып,

Алдыменен аузындағы сөз түзелер.

Он күнәнің тоғызы тілден екен,

Тіл түзелсе, Инша Алла ел түзелер» - деген Мұхаметжан ТАЗАБЕКТІҢ өлең жолдарын қалдырған. Төреғалидың тәубаға келгеніне қуанғандар қатары аз болмай шықты. Солардың бірі rabiba_ 030360 деген акаунттың иесі: «Намаз оқығаның өте дұрыс болған. Ниетің қабыл болсын! Айналайын, баяғы мешіт ашқанда айтыста машина мінгізген апайыңмын»- депті өнеріне тілекші әпкелерінің бірі.

@shahizada_art Әнші Шахизада БАЙПАТШАНОВА шетелде жүр. Ақ қар, көк мұздан қашып, жылы жағалауда демалғанды жөн көрсе керек, өнерде жүрген азаматтармен селбесіп Мальдива аралына тартқан. Желідегі парақшасына жақсы демалысынан суреттер салып жатқан ол біраз оқырмандарының сынына қалып жатыр. Бірі-жігіттердің арасында жалғыз жүргендігін құп көрмесе, енді біреулер – әншіге сыпсың сөзге мән бермеуге кеңес берген.

Мәселен, Шахизадамен бірге серуендеп жүрген әнші Бауыржан РАХЫМБЕКОВ өз парақшасына онымен түскен суретін қойып: «Адал достықты қадірлей білейік. Біздің көп жылғы достығымызға көз тимесін деп тілеймін» деп жазды. Мұны өз парақшасына бөлісіп қойған Шахизада әңгіменің астында қалды. Отбасы бар азаматтың Шахизадамен бұлайша қыдырып жүргені көпшілікке ұнамаған. Алайда, mokaajikeeva атты тыңдарман: «Қадірлі достар, ол жігіттің отбасы, бала-шағасы бар.Екеуі дуэт болып жүр қазіргі уақытта»- деп Шахизаданы жерден алып, жерге салған көпке тоқтау айтқан.

@ernaraidar_kz Жуырда Тайландта демалып келген Ернар АЙДАР елге орала салысымен, жұмысқа қызу кірісіп кетті. Ұшақтан түскен күні-ақ Халық әртісі Ескендір ХАСАНҒАЛИЕВТЫҢ шаңырағына барып, ақ батасын алған бейнежазбасын салған болатын. Араға екі күн өтісімен тағы да өнердегі ағасының алдына барып: «Нұрғали Нүсіпжанов атамның да батасын алып, бір үлкен жұмысты бастадық... Сәттілік тілеп бата бергеніңізге көп рахмет! Ардақты ағайын сіздерге ерекше алғысымды айтамын. Әр атқан таңдарыңыз шуақты болып, күндеріңіз берекелі болсын!»- деп жазды. Әнші жігіттің бұл бастамасына сәттілік тілегендер аз болмады. «Батаменен ел көгерер» деген ғой дана халқымыз. Дегенмен Ернарға жазған пікірлердің ішінде оған ескерту жасағандар да табылды. @ stafforg есімді инста оқырман: «Концертіңде тортқа таласқанды қайта- қайта инстаға салғаның ұят болды. Ернар, бұған дейін саған бір жаман коммент жазып көрмеп едім. Бірақ, жалғыз мен емес, біраз адам недовольный болып жазыпты. Төрешті ұмытпа, Кешегі көрсеткен қылығынан кейін 10 % болса да тыңдарманы азайды деп ойлаймын...», деп ақылын айтқан.

Бұған дейінгі әлеуметтік желіден белгілі болғандай, Ернар жуырда Алматыда өткізген ән кешінде кеш қонақтарына торт тарту етіп, оған жапа тармағай таласқан жұрттың бейнесі желіні шарлап кеткен болатын.

@zhanbolatzhaziraa Әнші Жазира БАЙЫРБЕКОВА тегін ауыстырмақ. Бірақ алдымен тыңдармандарымен ақылдасып алуды жөн көрсе керек, желідегі оқырмандарына сауал салыпты. «Бүгінде жолдасым Жанболат- Ербатыров, ұлым Қазбек- Қожахметов, мен- Байырбекова. Үшеуміздің тегіміз үш түрлі. Мен ойлана келе күйеуімнің емес, ұлымның тегіне өтсем деп отырмын. Жазира ҚОЖАХМЕТОВА болып. Қалай болар екен?! » - деген екен.

Жазираға жауап берушілердің дені бұл ойын құптамаған. Басым бөлігі тыңдарманның құлағына үйреншікті ныспысында қалуын құптаса, ішінара өз атасының атынан бас тарту- мұсылман әйелдеріне жат екенін айтқан. Солардың бірі @tukenkorganbekova есімді желі қолданушысы: «Исламда күйеуінің тегіне өту дұрыс емес. Қыз бала да өз әкесі, өз тегі бар адам. Сондықтан егер өз тегін күйеуінің тегіне ауыстырса, сатқындық болып есептеледі. Күйеуінің тегіне өту орыстардан келген нәрсе.Қазаққа тән емес»- депті Жазираға.

@aikyn Үнемі ел ішінде болған оқиғаларға құлағын түріп жүретін Айқын ТӨЛЕПБЕРГЕН бұл жолы да қалыс қалмады. Желіде Ақтөбедегі тірідей жанып кеткен жолаушылар жайын алғаш болып әріптестеріне жеткізіп, марқұмдарға көңіл айтты. «Бүгін Ақтөбе қаласынан қайғылы хабар келді. Жолда автобус жанып, ішіндегі 52 адам мерт болды. Барлығы Өзбекстан азаматтары. Төрт адам аман қалды. Қайтыс болған бауырлас өзбек азаматттарының жатқан жері жайлы болсын, иманды болсын!» - деп жазды ол.

Алайда, Айқынның айтқанына қосылып, жазықсыз шейіт болғандарға жанашырлық танытқандардың ішінде оқиғаны түбегейлі зерттеуді талап еткендер де табылып отыр.

Мәселен, rohilya_12.01: «Мүмкін емес, бірден жанып адамдар шыға алмайтындай жағдай болуы. Тымқұрыса жартысы шығып, үлгеруі керек қой. Ұйықтаса да 52 адам жанып кетуі түсініксіз жағдай!»- деп,оқиғаға күмәнді көзқарас танытқан.

Фото: Instagram.com.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.