Қаз   Рус

Сүйінші сұраңызшы!

1023 қаралды
0
Серік ӘБІКЕН
Четверг, 04 Янв 2018, 14:30

Қазақстанда жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы соңғы 22 жылда 14 мың бала дүниеге келіпті

Жаңа жылдың 1 қаңтарында  Талдықорған әкімінің орынбасары Мәрлен КӨЛБАЕВ  Facebook парақшасында: «2017 жылдың 31 желтоқсанында Талдықорған қаласының перзентxанасында 15 сәби дүниеге келді, олардың 10 ұл бала, 5 қыз, ал, 2018 жылдың 1 қаңтарында 10 сәби дүниеге келді, олардың 7-і ұл, 3-і қыз!» – деп халықтан сүйінші сұрады.

Сүйінші сұрайтындай-ақ жаңалық, себебі, «Дәрігерге бармай-ақ, үйде отырып он баланы тудық қой», –  дейтін аналардың заманы өткен. Қорқынышты...

Денсаулық сақтау министрлігі 2017 жылдың қараша айында «әр жылы жаңа үйленген отбасылардың 20 000 (жиырма мыңы) бедеуліктен зардап шегеді» деген дерек таратты. Жыл сайын 20 000! Қорқынышты ма, жоқ па?

Өткенде ұлыммен сөйлестім,  «Досымның келіншегі көтере алмай жүр. Ажырасатын шығар. Жәнібек те сол үшін ажырасып еді...» – деді мұңайып. Үш-төрт сыныптасы мектепті бітіре сала үйленгенін білуші едім, соның біреуі ғана ұрпақ сүйіпті. Қалғаны үрей мен үміттің арасында күн кешуде.

«Қой, олар әлі жас, болашағы алда», – деп жұбатқан болып едім: «Барып тексеріліп, емделгенге көп ақша керек екен», – деді. Екеуміз үнсіз қалдық. Ұрпақ тағдыры 21 жастағы ұлымды ойландыра бастапты.

Осы күні көтерте алмаған еркек пен көтере алмаған әйелдің жалғыз жұбанышы – ЭКО. Жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы 22 жылда 14 мың бала дүниеге келіпті, оның 1532-і мемлекеттің қолдауымен туған. Сол балалар өмірге келуі үшін мемлекет соңғы 7 жылда  4 миллиард теңге жұмсаған! Ал квотаға ілікпеген отбасылар тиындап жиғанын ұрықтандыру орталықтарының қалтасына құюда. Әр курсқа 1 миллион теңгеден аса ақша кетеді екен. Сәтсіз болып, «ұрпақ сүйсем» деген үмітін үзбей екі-үш мәрте талпынғандар бар.  Ақшасы жоқтарының шері шемен болып ішінде жатыр.

Ең қорқыныштысы белсіз еркек пен бедеу әйелдің саны жыл санап өсіп барады. 2010 жылы мемлекеттен 100 квота бөлінсе, 2016 жылы 900 беріліпті. 9 есеге өсірген!

Оқи отырыңыз
Апостроф пен аферист

Себебі, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Бедеулік – Қазақстанның  мемлекеттік проблемасы», – деген тұжырым жасаған. Жыл сайын жас отбасылардың 15 пайызы осы проблемаға ұрынатын мемлекеттердің демографиялық өсімі тоқтайды екен. Біздің ел осы шамаға жеткен, 2016 жылдың алғашқы жарты жылдығы мен былтырғы жылдың сол кезеңін  салыстырғанда табиғи өсім 6,5 пайызға кеміпті!  Ол аздай жатырдағы баланың жұлынын «шұқып» ДНК-ға жасайтын скрининг-тест деген бәлесі тағы бар.

Қан тазалығына ерекше қарайтын қазақта даун дертімен туған бала көбейіп барады. Басқа өңірлерді былай қойғанда әл-ауқаты ерен, күн санап өсіп жатқан, шенділер қаласы Астанада да 300 бала тіркеліпті... Жаңағы тест іштегі баланың денсаулығын анықтап, дерт нышаны барын дәрігерлер сылып тастайды. Сұмдық, ә?

Соңғы 5 жылда «ЭКО қатерлі», – дейтін ғалымдардың саны өсіп келеді. Мәселен Ресей Медициналық Ғылымдар Академиясының вице-президенті Александр БАРАНОВ: «Біз ЭКО-ға ақша құйып, үлкен қателік жасап отырмыз. Бұл балалардың көбі ертең ұрпақ сүйе алмайды», – деп адам шошытарлық зерттеудің шетін шығарды.

Баранов Ресейдегі әр жетінші отбасы перзент сүйе алмай отырғанын, бұл проблеманы шешудің ғылыми-әлеуметтік жолын табу керектігін айтты. Қазақстанда әр 6-7 отбасы осы мәселемен басқайғы. ЭКО-ның  халықты құтқармасының тағы бір дәлелі – Жапония. Бұл мемлекетте бес жүзден аса медициналық мекеме жасанды ұрықтандырумен айналысады. Мемлекет миллиардтап ақша салып жатыр. Былтыр жарты миллион адамға көмек көрсетіліпті. Соның 10 пайыздайы ғана ұрпақ сүйген.   Жапония – халқы кемуші  елдер санатында.       

Осындайда «Неге?» – дейсің ғой. Неге қазақ еркегінің белінен қуат, келіншегінің құрсағынан құт кеміп барады? 90-жылдардың басында қаптап кеткен, улы бояуы бар қытайлық ойыншықтар себеп пе, әлде, сол жылдардағы жоқшылық, берідегі әлеуметтік қиындықтар ма?  Мұны нақты ешкім дәлелдей алмас. 

«Сүйінші! Әке болдым!» – деп қанша әке перзентхана алдында тұрып елге хабар бере алмады, қанша қарт «Ата болдың!» деген хабарды күтіп, күрсініп жүр? Ана болу бақыты бұйырмаған әйелдің қасіреті тіптен бөлек...

Әзірге жылына 1,5 пайызға болса да өсіп жатқан халықтар  санатындамыз. Статистика кері кетпеуі үшін сүйіншілеу керек! Қайта-қайта сүйінші сұраңыздаршы, ағайын! 

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера