Қаз   Рус

Семьясы бар жігітке шыққанын біліп асылып қалған

107 қаралды
0
Ратель
Четверг, 23 Ноя 2017, 10:30

Атырау облысында өзіне қол салған қызға қатысты жаңа деректер белгілі болды

Қайғылы оқиғаға қатысты мән-жайды Атырау облысының прокуроры Ернат СЫБАНҚҰЛОВ Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазТАГ.

Прокурордың айтуынша, оқиға жайлы Д. деген азамат хабарлаған. Ол қорада келіні Қайып Данараны асылып тұрған жерінен тауып алғанын айтқан.

«Атырауда 6 қараша күні қайғылы жайт орын алды. Іс материалдары сол күні ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды. Мамандар мәйітті қарап, оның мойнынан странгуляциялық зақымы бар екенін анықтаған, басқа жеріне зақым келмеген. Десе де, әдеттегідей сот-медициналық сараптама жүргізілді. Қорытындысы әзірше дайын емес», - деп жазды ол.

Облыс прокурорының айтуынша, қыз жігітпен 2016 жылы күзде «ВКонтакте» желісі арқылы танысып, сөйлесіп жүрген. 2017 жылғы маусымда жігіт Ақтөбеге барып, Данарамен кездескен. Сөйтіп екеуі үйленуге келіскен.
Жігіттің айтуынша, ол Атырауға қызды некелесуге келісім берген соң алып кеткен. Атырауға келгенде жігіттің ата-анасы оларды өз үйінде тұрғызуға рұқсат берген және қайғылы оқиға дейін олар сол үйде тұрған.

«Қайғылы оқиға болатын күні жігіттің ата-анасы үйде болмаған, жігіт те Оралға бір асқа бару үшін жол жүріп кеткен. Жігіт 15.22-де қыздан «жаным, кешір мені» деген хабарлама алған. Оның «неге?» деген сұрағына қыз «жай» деп жауап берген. Екі сағат өткен соң жігіттің әкесі телефон соғып, қыздың асылып қалғанын айтқан», - дейді прокурор.

Оқи отырыңыз
Өлі қалыңдық

Сонымен қатар, Данараға дейін жігіттің үйленгені және баласы бар екендігі анықталды.

«2013 жылы жігіт бір қызбен танысып, олар кездесе бастаған. 2014 жылы жігіт қыздың жүктілігін біліп, некесін тіркеткен, алайда олар бірге тұрмаған. Олардың 2014 жылғы қыз баласы бар. Ал Данарамен бірге тұрып жатқан уақытта жігіт өз әйелімен ресми түрде некеде болған. Жігіттің айтуынша, Данара оның әйелі жайлы білген және бұл мәселеге қатысты ешқандай жанжал болмаған. Қазіргі таңда осы қылмыстық іс облыстық прокуратураның бақылауында. Сараптамалар тағайындалған. Тергеу нәтижесін қосымша хабарлайтын боламыз», - дейді прокурор Ернат Сыбанқұлов.

Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыстық ішкі істер департаментіне осы оқиға бойынша іс тіркеліп, ҚР ҚК 105 бабына сәйкес "Өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша сот алды тергеу жұмыстары жүргізілуде.

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.