Қаз   Рус

Ресейден қайтып келген отандасымыз жертөледе тұрып жатыр

159 қаралды
0
Әйгерім ЖЕТПІСОВА
Четверг, 11 Янв 2018, 14:00

Павлодарда жалғызбасты ана балаларымен бірге көпқабатты үйдің жертөлесін паналауға мәжбүр

Марина ЮТКИНА осыдан екі жыл бұрын Ресей Федерациясына қоныстану үшін бар жиған-тергенін сатып, бала-шағасымен сонда аттанған. Бірақ, тиісті құжаттарды уақытында жасалмауына байланысты Қазақстанға депортацияланып, елге қайтып оралған. Енді, сот шешімімен олар алдағы 5 жылда көрші елге бара алмайды.

- Ақша тапшылығынан жертөледе тұруға мәжбүрміз. Менің қолымда Қазақстан Республикасының паспортынан басқа құжат жоқ. Елден кеткенде жеке куәлік тапсырылады ғой. Ал Ресей азаматтығын алып үлгерген жоқпыз. Оны растайтын анықтамаға былтыр қыркүйек айында тапсырыс жібердім. Бірақ, ол жақтан әзірге еш жауап келген жоқ. Сондықтан еш құжат жасай алмай, балаларға төленуі тиіс жәрдемақыны да ала алмай отырмын,  - дейді Марина Юткина.

Оның үстіне жалғызбасты әйелдің балаларының денсаулықтары сыр берген. Қазір ұлының үлкені аяқастынан ауырып қалып, психдиспансерде ем-дом қабылдауда. 14 жастағы Артур Павлодардағы коррекциялық мектеп-интернатта білім алып жатыр. Ал, 20 жастағы қызы Валерияның туғанынан ақыл-ойының дамуы кешеуілдеген.

Оқи отырыңыз
Көкшетауда оқушылар көрші аудандағы мектепке жаяу қатынайды

Қиын жағдайға тап болған жанұяға жергілікті еріктілер біраз уақытқа жететін киім-кешек пен азық-түлік әкеп берген. Ал аула сыпырып, нәпақасын тауып жүрген Маринаның 25 мың теңге еңбекақысы мүгедек баласының дәрісінен аспайды екен. Керекулік шенеуніктер болса, бұл жанұяға алдағы уақытта қолдан келген көмекті көрсетеміз деп отыр.

- Балаларды ешкім тартып алмайды. Азаматшаға бұдан қорықпау керек. Біз отбасыға кризистік орталыққа баруды ұсындық. Алайда, олар онда мүгедек қыздың денсаулығына байланысты бара алмаймыз дейді. Анасы ондағы өзге азаматтарға бөгет жасаймыз деп ойлайды. Отбасы мүшелерінің құжаттарын жасау үшін Ресей елшілігіне хабарласып, қолдан келген көмекті көрсетуге дайынбыз, - дейді Павлодар қаласы еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жетекшісінің орынбасары Рымкеш САҒЫНОВА.

Отбасына көмек көрсеткен еріктілер болса, олар жанұя паналаған жертөле орналасқан үйдің мекен жайын жарияламауды сұрап отыр. Айтуларынша, жұрт мұнда көптеп ағылып, онсыз да жиі ауыратын мүгедек қыз қорқып қала ма деп алаңдауда. Сондай-ақ, бұзақылар мазаларын алып, пәтер иелерінің кооперативі жалғыз баспанасы – жертөледен қуып шығуы әбден мүмкін дейді. Басқа амалы қалмаған әйелдің өзі енді желі арқылы жерлестерінен көмек сұрап отыр.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.