Қаз   Рус

Құранда қара жамылып, беттеріңді көрсетпеңдер деген сөз жоқ

343 қаралды
0
Серiкзат ДҮЙСЕНҒАЗЫ
Понедельник, 26 Фев 2018, 15:30

Араб, өзбектер немере бауырларына үйлене беретін болғандықтан шариғи заң бізден басқаша қолданылады

Қазақ әйелінің бетін бүркеп, қара жамылғаны біздің дүниетанымға жат болып саналады. Бірақ ол ашық-шашық жүру деген сөз емес.

Құранда арада неке жүрмейтін ер-азаматқа қыз баланың шаш, мойын сияқты кейбір әуретті жерлерін көрсетіп жүруіне болатыны анық жазылған. Қазақ жеті атаға дейін қыз алыспайтын болғандықтан және өткен ғасырларда әр ру топтасып ауыл болып отырғандықтан ол жерде қыз бала шашын ашып жүруге рұқсат етілген. Бірақ бұл заң келіндерге жүрмейді. Өйткені, күйеуі қайтыс болған жағдайда оны қайнағасына немесе қайнысына қосатын болған. Яғни, арада неке жүреді деген сөз. Ал арабтарда, өзбектерде немерелес ағайындардың балалары үйлене беретін болғандықтан бұл шариғи заң бізден басқаша қолданылады.

Оқи отырыңыз
Ақтөбеде жат ағымда жүргендерді бизнеске тартып жатыр

Құранда былай дейді: Мүмін әйелдерге де айт: “(Бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өзіндігінен көрінгендері басқа (беті, қол-аяқтары). Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін көрсетпесін.

Бірақ ерлеріне, әкелеріне, қайын аталарына, өз ұлдарына, өгей ұлдарына, аға-бауырларына, олардың ұлдарына, әпке-сіңлілерінің ұлдарына, мұсылман әйелдерге, қолдарындағы күңдеріне, әйел керек қылмайтын қызметшілерге немесе әйелдердің ұятты жерлерін білмейтін балаларға көрсетулеріне болады. Және де көмескі зейнеттерін басқаларға білдіру үшін аяқтарын ұрып жүрмесін. Әй мүміндер, түгел Аллаға тәубе қылыңдар! Әрине құтыларсыңдар. (Нұр сүресі, 31 аят). Және Құран Кәрімнің әз-Зарият сүресінің 55 аятында: Ескерт! Өйткені ескерту мүминдерге пайда береді, - дейді. 

Құранда қара жамылып, беттеріңді көрсетпеңдер деген сөз жоқ. Әйел адамның қара жамылуы, шашын жайып жылауы қазақта қайғының белгісі. Біздің бұрынғы аналарымыз, әжелеріміз ақ кимешектерін киіп, шылауыштарын оранып, жеңгелеріміз аппақ орамалдарына берік болған елміз. Бірақ кейде мына заманның ағымына қарап сол дәстүрімізден айырылып қаламыз ба деп те алаңдаймын.

Дереккөз: Серікзат ДҮЙСЕНҒАЗЫНЫҢ Facebook-тағы жеке парақшасынан алынды. Автордың рұқсатымен жарияланды.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!