Қаз   Рус

Павлодарда қоқыстан табылған баланың беті бері қарады

523 қаралды
0
Әйгерім ЖЕТПІСОВА
Четверг, 01 Фев 2018, 09:00

Көкек анаға қатысты іздеу жариялаған полицейлер «Өлтіруге әрекеттену» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады

Анасы қоқыс жәшігіне тастап кеткен ер баланың жағдайын Павлодар облыстық перинаталды орталығының дәрігерлері бірқалыпты деп бағалауда. Десе де, бөбекті күні-түні бақылауда ұстап отыр. Өйткені, ол 18 градус аяз кезінде далада бір сағаттай жатып қалған.

Оқи отырыңыз
Почти замерзшего новорожденного нашли в мусорном баке в Павлодаре

- Қазір баланың жағдайы жақсы. Арнайы сүт қоспасымен қоректенуде. Жағдайы бірқалыпты, зияны жоқ. Бәрі жақсы болса шығарып қалуымыз мүмкін, - дейді неонатолог-дәрігер Шолпан ҚҰРМАНОВА.

Кеше, 31 қантарда аталмыш ауруханаға нәрестенің жағдайын білу үшін оны құтқарған Нәзира ОМАРОВАНЫҢ барғанын айта кетейік. 53 жастағы әйелдің айтуынша, ол сол күні дәрі сатып алмақ болып далаға шыққан.

Үй маңындағы дәріханалардың бәрі жабылып қалғандықтан, көрші ауданға аттанған. Жолшыбай бір аулада келе жатып баланың шырылын құлағы шалады. Осылайша ол қоқыс жәшігінен сәбиді тапқан. Бірақ, бұған бірден сене алмапты.

- Бала жылап жатты. Кеудеме басып, жылама бәрі жақсы болады, сен қолымдасың деп, қызымның үйіне апардым. Онда жеткен соң полиция мен жедел-жәрдем шақырттық. Бала тыныштанып, қолымда жатты. Жүрегім ауырып кетті. Баланы ауруханаға әкеткенде де, түнімен ұйықтай алмадым, - дейді Павлодар қаласының тұрғыны Нәзира Омарова.

Жалғыз көрпешеге оралған сәби 29 қаңтар күні кешкі уақытта шаһар аулаларының біріндегі қоқыс жәшігінен табылған болатын.

Оқи отырыңыз
Бірнеше жыл жалған ішімдік жасап келген топ сотталды

Дәрігерлер салмағы үш жарым келі нәрестенің осыдан екі апта бұрын дүниеге келгенін болжайды. Ал оны қоқыс жәшігіне тастап, ізін суытқан әйелге іздеу жарияланды.

Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір осы оқиғаға қытысты «Өлтіруге әрекеттену» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Баланы алғаш аңғарған Нәзира Омарова енді оның тағдырына алаңдаумен жүр. Әйелдің бүгінде екі баласы мен үш немересі бар екен. Алайда, оның жолдасы тастанды баланы асырап алсақ болады деген ұсыныс білдірген екен.

Сұмдық оқиғаны желі қолданушылары да қызу талқылап жатыр. Сондай-ақ, алдағы уақытта бұл нәрестені асырап алып, өзі тәрбиелегісі келетін отбасылар да табылып жатыр деген үміттеміз.

Фото автордікі.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."