Қаз   Рус

Павлодарда Кутузов көшесін Назарбаевқа ауыстыру ұсынылды

1017 қаралды
0
Ратель
Пятница, 16 Фев 2018, 16:00

Мұндай ұсынысты қаланың бұрыңғы әкімі жасады

Естай атындағы мәдениет сарайында Павлодар облысының әкімі Болат БАҚАУОВТЫҢ тұрғындар алдындағы есептік кездесуі өтті. Кездесу барысында облыс орталығындағы көшені Мемлекет басшысының есімімен атау туралы ұсыныс жасалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Мұндай пікірді қоғамдық кеңестің төрағасы Александр РЮМКИН білдірді.

«Соңғы кездері қаланы көріктендіру бойынша көп жұмыс атқарылуда, - деді Александр Рюмкин. - Әсіресе, Кутузов көшесі айтарлықтай көркейе түсті. Көріктендіруге көп көңіл бөлініп жатқаны үшін ризамыз. Алматы қаласында Фурманов көшесін ауыстырғаны белгілі. Бұл сұрақ Шымкентте де көтерілді. Менің ойымша, Павлодар қаласындағы әдемі көшелердің бірі Қазақстанның Тұңғыш Президентінің есімімен аталғаны дұрыс».

Оқи отырыңыз
Алматыда Фурманов көшесі Назарбаев даңғылына айналды

Қаланың бұрыңғы мэрінің пікірімен келіскен Болат Бақауов бұл сұрақты қарастыруға уәде берді.

«Көше атауын ауыстыру мәселесі жиі көтеріледі, - деді аймақ басшысы. - Қоғамдық кеңеске қаланың тыныс-тіршілігіне белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреміз. Әсіресе, қаланың заманауи келбетін қалыптастыруға көп көңіл бөлінуде. Дегенмен көше атауын ауыстыру мәселесіне сақтықпен қарау қажеттігін жақсы түсінесіз. Жалпы, сіздің ойыңызды құптаймыз».

Еске салайық, Кутузов көшесінің атауын ауыстыру сұрағы осыдан бір жыл бұрын облыс әкімінің есептік кездесуінде көтерілген болатын. Ол кезде қоғам қайраткері, бұрынғы қала әкімі Евгений АЗАРОВ ең кең көшені Астана қаласының атымен атауды ұсынған.

Елорданың есімі Павлодардың ескі көшесі Лениннің орнына берілетін болып шешілді. Кутузов көшесі 60-жылдары бой көтерген. 1812 жылғы Француз-Орыс соғысының 150 жылдығына орай орыс қолбасшысының есімі берілген. Бұл көше әуежай мен темір жол және автовокзалдарын жалғайды.

Еске сала кетейік, былтыр желтоқсанда Алматыдағы Фурманов көшесі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы болып ауысты. Ал, ағымдағы жылдың қантарында Шымкентте орталық көшенің біріне Елбасы есімін беру ұсынылған болатын. 

Дереккөз: ҚазАқпарат.

Фото: azattyq.org, inform.kz.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.