Қаз   Рус

Оқушыларды қағып кеткен трамвай жүргізушісіне сот үкімі шықты

286 қаралды
0
Әйгерім ЖЕТПІСОВА
Пятница, 08 Дек 2017, 17:15

Павлодарда апалы-сіңлілі оқушыны қаққан Наталья Пекнич екі жылға сотталды

Енді ҚК 345 бабы бойынша айыпталған Наталья ПЕКНИЧ алдағы екі жылын қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтейді. Кінәсін толық мойындаған сотталушы соңғы сөз берілген сәтте марқұм жеткіншектің анасынан жылап кешірім сұрады.

- Мен жәбірленуші тарап пен қайтыс болған қыздың анасынан кешірім сұраймын. Ештеңенің өзгермейтінін түсінемін. Мен жолды кесіп өтпек болған оқушыларды қоршаулардың кесірінен аңғармай қалдым, - деді ол көз жасын тыя алмай.

Естеріңізге сала кетсек, қайғылы жол апаты Павлодарда қыркүйек айында болған. Жолды кесіп өтпек болған екі оқушыны трамвай қағып кетіп, 10 жасар Махаббат МАСҒҰТ оқиға орнында көз жұмған еді. Оның 8 жасар сіңлісі жедел ауруханаға жеткізілген болатын. Ал үш айға созылған істің соңғы отырысына бүгін келгендер аз болды.

Есесіне, 7-ші желтоқсанда өткен екі жақтың пікірсайысына келген қыздардың анасы Шынар УӘЛИТОВА тілшілерге алғаш рет сұхбат беріп, жол апатынан аман қалған қызының қазіргі жағдайына тоқталды.

«Қызым әлі күнге дейін ем-дом қабылдауда. Сабақты үйде оқып жатыр. Арнайы психолог маман келіп тұрады үйге», - дейді ол.

Сондай-ақ, Шынар Уәлитова өзін қиын сәттерде қолдап, көмек көрсеткен барша өңір тұрғындарына алғысын білдірді. Қайғылы оқидан кейін, керекуліктер «Клуб добряков»  атты ұйым арқылы ақша жинап, жатақхадана тұрып келген марқұм қыздың жанұясына Екібастұз қаласынан үш бөлмелі пәтер алып берген еді.

 Қазір Шынар сол баспанасында бір қыз, бір ұлымен тұрып жатыр. Бұған дейін айыпталушы азаматшадан адвокаттары арқылы 1,5 миллион теңге моральдық шығын талап еткен әйелдің кейін одан бас тартқанын айта кетейік. Осылайша тараптар ортақ шешімге келе алмады. Бір қызығы, ол кезде айыпталушы Наталья Пекничтің жұбайы Анатолий Пекнич аталған соманы жинау үшін жұрттан көмек сұраған болатын. Ал ерлі-зайыптылардың 6 жасар қызының барын және айыпталушы азаматшаның кінәсін өз еркімен мойындағанын ескерген сот оны екі жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Көлік басқарумен байланысты қызметпен айналысу құқығынан бес жылға айыру және минималды қауіпсіз түзету мекемесіне екі жылға қамау жазасы тағайындалсын, - деп жариялады үкімді Павлодар қаласы №2 қылмыстық сотының судьясы Думан СЕРІКБАЕВ.

30 жасар вагон жүргізушісінің өзі бұл қызметінде бес жылдан бері істеп келген. Бұған дейін сотталмаған азаматша алдағы екі аптада сот үкіміне шағымдануға құқылы.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.