Бәрінен көп Жанар Дұғалова сұрайтын көрінеді
Отандық шоу-бизнес өкілдері Жаңа жыл түні дастархан туралы тек армандайтын болады. Неге десек, оларды мерекелік тойларға шақыртулар күтіп тұр.
Сонымен, жұлдыздарымыздың 31 желтоқсан түні өткізетін той кеші үшін қанша ақша алады?
Сон ПАСКАЛЬ, әнші:
- Әдетте, тойлар үшін қаламақы 1 миллион теңгеге барады, ал Жаңа жылға арналған кештерге қаламақы 2 есе өседі.
Ademi есімді жас әншінің айтуынша, ол жаңажылдық тойларға шығуға асықпайды. Оның орнына бұл мерекені отбасымен бірге үйде қарсы алу керек деп ойлайды. Алайда, егер жақсы ұсыныс жасалып жатса пікірін өзгерту әбден мүмкін, деді ол "Ревю" бағдарламасының эфирінде.
Ademi, әнші: «Егер ұсыныс жақсы болған жағдайда ғана келісемін, бірақ өзіммен бірге баламды алып шығамын».
Қолда бар ақпарат бойынша, Әдемінің ән шырқауы 1 200 000 теңгеге теңеледі.
Ал «Ринго» тобының әндерімен Жаңа жылды қарсы алғыныз келсе, 1 500 000 теңгедей соманы қалтаңыздан шығаруға тура келеді. Әли Оқаповты кешке шақыру шамалы арзандау түседі – 1 млн тенге.
Жанар ДҰҒАЛОВА бұл тізімде өзіндік рекорд жаңартуда. Әнші сахнаға шығуы үшін 2,5 млн теңге сұраған.
Дереккөз: NTK.kz
Фото: tengrinews.kz