Парламент мәжілісінде "Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы" заң жобасы қаралып жатыр
Парламент мәжілісіне қаңтар айының соңында "Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы" заң жобасы келіп түсті.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанның қауіпсіздік кеңесіне өмір бойы төрағалық ету құқығын беру ұсынылып отыр деп жазады Sputniknews.kz Парламентке келіп түскен "Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы" заң жобасында осындай норма қарастырылған.
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қауіпсіздік Кеңесін өмір бойы басқару құқығы бар", — деп жазылған "Қауіпсіздік кеңесінің құрамы мен қызметін ұйымдастыру"деп аталған тараудың 4-бабының 2-тармақшасында.
Айта кетсек, заң жобасы Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесінің құқықтық мәртебесі мен құзырын анықтайды және кеңес қызметін ұйымдастыру тәртібін реттейді. Заң жобасы мәжіліске 24 қаңтарда келіп түсті, құжат мәжілістің сайтында жарияланған.
Дереккөз: Sputniknews.kz.
Фото: forbes.kz.