Қаз   Рус

Мемлекетке 1 млрд қарыз боп қалған студенттер

84 қаралды
0
Ратель
Понедельник, 27 Ноя 2017, 13:00

2005 жылдан бері оқу үлгеріміне байланысты 362 адам "Болашақ" стипендиясынан айырылды

Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ оқу үлгерімі нашарлап, стипендиядан айырылған студенттерге қандай шара қолданылатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орталықтың мәлімдеуінше, "Болашақ" стипендиясынан айыру немесе "Болашақ" стипендиясынан бас тартуды қабылдау туралы шешімді Республикалық комиссия бекітеді және әкімші («Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ) борышкерлерді тиісті шешім шығарылған күннен 10 жұмыс күні ішінде жазбаша хабарландырады.

Оқи отырыңыз
Қазақстан азаматтары терактіде зардап шеккен жоқ

«Борышкердің шығындарды бір жолғы төлеммен өтеу мүмкіндігі болмаған жағдайда әкімші берешекті өтеу туралы төлемдер кестесін құрастырады және ерікті түрде өтеуді қарастыратын 3 жылдан артық емес мерзімге келісім бекітеді», - деп жауап берді "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ баспасөз қызметі "ҚазАқпарат" ХАА тілшісінің сауалына.

Жасалған Келісім шеңберінде шығындарды төлеу бойынша міндеттемелер орындалмаған немесе борышкер шығындар сомасын ерікті түрде өтеуден бас тартқан жағдайда әкімші шығындарды сот тәртібінде өндіріп алады.

"Шығындарды борышкерлерден өтеу туралы бітімгершілік келісімді жасау тәртібі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Борышкер қарыз соманы өтемеген немесе борышкер шығындар сомасын ерікті түрде өтеуден бас тартқан кезде, Кепілге қойылған жылжымайтын мүлікті сату Борышкердің қарыз сомасын өтеу есебіне қайтару бойынша соттың шешімі бойынша жүзеге асырылады", - дейді орталықтың баспасөз қызметі.  

Еске сала кетсек, 2016 жылы үлгерімінің төмендігіне, әдетте, шетел тілін нашар меңгергендігіне байланысты 28 адам гранттан айырылған.

Жалпы статистикаға сәйкес, 2005 жылдан бастап оқу үлгеріміне қатысты 362 адам стипендиядан қол үзіп қалды, бұл шамамен 2 пайызды құрайды. 2013 жылы олар 147 млн теңгені, 2014 жылы - 272 млн теңгені, 2015 жылы - 384 млн теңгені, ал 2016 жылы 960 млн теңгені өтеген. Биылғы жылдың соңына дейін 1 млрд теңге төңірегінде өтеледі деп жоспарланған.

Еске сала кетейік, "Болашақ" бағдарламасы 1993 жылдан бері іске асырылып отыр. Осы уақыттан бері, 11 670 адам бағдарлама бойынша стипендияға ие болған.    

Фото: Egemen.kz

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.