Ерлан Сағадиев ақтөбелік хиджаб киген оқушыларға қатысты пікір білдірді
Білім және ғылым министрі Ерлан САҒАДИЕВ мектептерде хиджаб киюге тыйым салған Ақтөбе қалалық сотының үкіміне дән риза. Бұл туралы ол 6-шы ақпан күні үкімет отырысынан кейін мәлімдеді. Министрдің сот шешіміне риза болатындай-ақ жөні бар. Себебі мектеп басшылары орамалмен «күресте» минитсрліктің 2016 жылғы 14 қаңтар күнгі бірыңғай мектеп формасы туралы қаулысына сүйенген еді.
- Мектептер өз стандарттарына сәйкес сабақтарын өткізеді. Бұл барлық мектепте үшін ортақ, - деді Ерлан Сағадиев.
Қазақстан заңнамасында қандайда бір діни конфесияға жатқызуға болатындай киім кимеу туралы жазылмағандығы аса ешкімді толғандырып тұрған жоқ. Әмбе министр қаулысы Конституцияға қайшы емес деген сот үкімі бар.
- Сот болды емес пе Судья үкім шығарды. Бізде мектеп уставы мен бірыңғай мектеп формасы бар.Сол уставқа сай жүру керек, - дейді министр.
Конституция балаға білім алуға құқық беріп отырғандығы маңызды емес. Ерлан Сағадиев оқушылар құқығы тапталып отырмағандығын айтады.
- Біз Ата заңды бұзып отырғанымыз жоқ. Егер ата-аналар балаларын кез-келген жағдаймен мектепке жібермесе, оқушының конституциялық құқығын бұзбайды, - деді ол.
- Ата-аналар емес, балаларды мектепке мұғалімдер жібермей отыр ғой?
- Ата-аналар балаларын мектеп уставына сәйкес білім алуға жібермей отыр,- деді Білім және ғылым министрі.
Бүгінде Ақтөбеде 170 оқушы діни себептермен мектепке бармай отыр. Білім басқармасы олардың ата-аналарына 5 пен 10 АЕК көлемінде айыппұл салынатынын ескерткен болатын.
Фото: ruinformer.com.