Қаз   Рус

Меккіде жүрген продюсер Ерик Тастембековті жұрт сынап тастады

350 қаралды
0
Динар ҚАМИЛҚЫЗЫ
Суббота, 13 Янв 2018, 14:00

«Жұлдызды» Instagram жаңалықтары

@erik_tastembekov Қыс мезгілінде өнердегілер жаппай құрлық асып, ыстық жағалауларда демалып жатқанда, белгілі продюсер Ерік ТАСТЕМБЕКОВ бес парызын өтеуге кірісті.

«Достар, сіздердің отбасыларыңызға денсаулық, бақыт және амандық тілеймін! Бір хадисте егер сен жолың түсіп, Меккеге барсаң, Алланың сені қонағы ретінде көргісі келгені деген екен. Мен Жаратқанға осында келгенім үшін алғыс білдіремін. Әлхамдулиллах! Сіздердің дұғаларыңызды қабыл етсін!» - деп, орыс тілінде өз тілегін білдірген.

Оқи отырыңыз
Қазақтар Дубайда да қазақ болып қалады!

Мұны көрген оқырмандары продюсерге ниетінің қабыл болуын тілеп жатса, ана тілінде жазбағанына сын айтқандар да табылды.

Aigerimhamitzhanova есімді желі қолданушысы : «Сіздер қазақ тілін жақсы білсеңіздер болар еді. Әйтпесе әйеліңіз бір сұхбатында қазақша бір ауыз ештеңе айта алмап еді. Ақ жол мен ұзақ жас тілеймін. Қабыл болсын!», деп қажыға өз пікірін білдірді.

@bayanmaxatkyzy Тайландтың Паттайя қаласында қызметтестерімен қыдырып жүрген Баян Алагөзовадан тыныштық кетті. Күйеуін де ертіп алған ол бұған дейін инста парақшасына көңілді демалыстарының көрінісін салып жүрсе, енді күмәнді жазба қалдырды.

«Кеше менің менің компаниямның офисіне біреулер кіріпті, белгілі болғандай барлық аппараттар мен компьютер, костьюмдер сол қалпында. Олар тек құжаттарды қағып кеткен. Мен ешқандай да қобалжымаймын, себебі мұны жасаған адамдар жақсылықтан басқа ештеңе таппайды. Сіз текке қаншама уақытыңызды алып, мықты есепшілерді жалдап, қанша қаржыңызды құртуыңыз мүмкін. Мен адал қызмет жасаймын. Және де сізді табу үшін бар күшімді саламын.Ерте ме, кеш бұл тапсырысты берген адамның кім екені белгілі болады. Дегенмен болжамым да бар», - деп жазды ол жеке парақшасына.

Соңғы кезде Баян мен Меруерт ТҮСІПБАЕВА арасында теке-тірестің ушығып тұрғанын да жұрт жақсы біледі. Бұл дау Баянның «Қазақстан» арнасында көптің сұрауымен көрсетілімі тоқтатылған «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» атты телесериалдан басталған.

Әнші Түсіпбаева кино жарамсыз болып қалғандықтан, оған кеткен қаржының мемлекетке қайтаруын талап еткен болатын. Баян да қалыспай бөлінген 54 млн теңгенің салықпен түрлі төлемдерге жұтылып кеткенін айтып, фильмге өз қалтасынан 13 млн сома қосқанын айтып ақталды.

Инстаграмдағы парақшасында түсініктеме жазған ол режиссер Ақан Сатаевтың «Мың бала » фильмімен салыстырғанда әр серияны жүз есе аз мөлшерде қаржыға түсіргенін айтты. Сондықтан толық метражды фильм мен сериалды салыстырудың сауатсыздық екенін айтып, ойын түйіндеген. Меруерт те қалыспай парақшасына құрбысымен түскен суретін салып: «Твоя крыша не протекаема. Бірақ, менің творчествома баға беретін, мені асырап-сақтап отырған сен емес. Уж, точно! Одноразовый сериалдың ақшасын қайтар. Зубы не заговаривай. «Мың баладан» садаға кетсін. Көркем шығарманы елге ұсынар алдында, тым болмаса, ана тілін меңгерген жөн. Қазақ тілінен сабақты тегін берейін» деп істі ушықтыра түскен еді.

Алайда, көп ұзамай Меруерт бұл жазбасын өшіріп тастады.

Ал, Баян болса баяғысынша дес бермей «Бұл теманың соңында айтарым, Меруерт,сенің бұл киноны түсірер алдында біздің кастинг директорымызға хабарласып, Баянның анасының рөліне, сонымен қатар жаңа жылдық түсірілімдерге шақыртуын сұрағаныңды айтуды ұмытып кетіппін...» -деп, Меруерттің құпиясын жайып салды. Егер тиісті рөл ұсынылғанда басқаша ән салар еді дегенді жазып, өзін айыптаған әншіні одан бетер тұқырта түсті.

@Kudaibergenov. dimash Соңғы рет Қытайдың Фучжоу қаласында концерт берген Димаш Құдайберген жуырда елге оралды. Туған жерге табан тіреген ол Астана мен Алматы сынды үлкен қалалардағы кештер мен түсірілімдерін сырып қойып, алдымен анасына тартты.

«Ақтөбеде мамам екеуміз көрші мамама «құдайы қонақ» болып, сәлем беріп келіп қалдық. Үйде маманың қасында болған ең керемет демалыс қой. Турне жалғасуда. Келесі концертте көріскенше, достар!» - деп жазды ол әлеуметтік желіде. «Жақсы жігіт белгісі- сыртта мырза, үйде құл» деген осы болар. Мыңдаған оқырмандары атағы аспандап тұрса да, Димаштың бойындағы қарапайымдылығын айтып сүйсінген.

@akerke_tazhibayeva Қобызшы Ақерке ТӘЖІБАЕВА ана атанды. Өнерлі қызды алдымен құттықтап, сәбиіне көрімдік апарған етжақыны Қайрат Нұртастың анасы Гүлхира Айдарбекова болды.

«Аллах жасза бүгін үйімізге барамыз. Қызымыздың есімін әкесі Айкөркем деп қойды. Енді отбасымыздың кішкентай мүшесіне қызмет жасаймыз. Ұйқысыз түндер алда, Аллаһым күш-қуат бергей. Инста достарымызға, тілекшілерімізге үлкен рахмет!» - деп, ағынан жарылды өнерлі қыз жеке парақшасында.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.