Қаз   Рус

Кәмшат Жолдыбаева тағы жалаңаштанды

1638 қаралды
0
Динар ҚАМИЛҚЫЗЫ
Суббота, 27 Янв 2018, 11:00

«Жұлдызды» Instagram жаңалықтары

@kamshat_zholldubayeva Жігіт біткенді сұлу тәніне еліткен әнші Кәмшат ЖОЛДЫБАЕВА тағы да жартылай жалаңаштанды. Инстаграм желісіне салған суретінің астына «vaga_art” және «aizhan_ begasyl» деп сілтеме жапсырғанына қарағанда, Кәмшатты суретке белгілі фото маманы Вага Майлов түсірсе, дизайнер Айжан Бекасыл сәнін келтірген. Алайда, оқырмандар сынына қалудан қорықты ма, Кәмшат пікір жазатын тетікті өшіріп тастаған.

@Kairat_tuntekov Ұзақ уақыттан кейінгі үзілістен соң, сахнаға қайтып оралған Қайрат ТҮНТЕКОВ ән әлемінде қалықтай бастады. Елімізде өткен «I аm singer» жобасының жүлдесін жеңіп алған оны баспасөз бен телеарналар жарыса жарнамалай бастады.

Соның бір дәлелі ретінде Қайраттың желідегі фан парақшасында мынадай ақпар тарады. «Қайрат Түнтековке шетелдік азулы продюсерлердің көзі түсіп жүрген көрінеді. Әншіні қанатының астына алмақ ниеттілердің қатарында Максим ФАДЕЕВ те бар», - депті НТК арнасының «Ревью» бағдарламасына сілтеме жасап.

Ресейлік бұл продюсердің бір кездері «Глюкоза» мен «Серебро» тобына жетекшілік еткенін жақсы білеміз. Егер айтылған ақпар шындыққа жанасатын болса, Қайраттың Ресейге кетуіне тура келеді.

«Қайратжан, бір ақыл деп қабылдасаң болады. Біздің елде көреалмаушылық көп. Бір мәрте басыңнан өтті бауырым. Сондықтан жаратқан жолыңды ашып жатқанда жер аудар. Бірақ, өз еліңді еш ұмытпа. Ақ жол тілеймін. Әмин!» - депті smailova_gulnaz есімді Қайраттың тыңдарманы.

@makosyai Жүрген-тұрғанын желіге салуды әдетке айналдырған Мақпал ИСАБЕКОВА бұл жолы парақшасына «біртүрлі» сурет жариялады. Ер адамның құшағында жатқан ақ шашты қыздың сұлбасына қарасаң Мақпалдың өзі дерсің. Әншінің өзі фотоның тұсына ешқандай түсініктеме бермеген. Есесіне, оқырмандары қыз бен жігіттің кім екенін өзінше топшалап дал болған. Оқырмандардың басым бөлігі қызды белінен қапсырған «Батыр» есімді жігіт екенін айтып отыр.

jaco_seilov есімді Мақпалдың оқырманы: «Біреуді қызғандырып жатыр» депті. Жуырда әлеуметтік желілерде «Спарта Номад» КВН командасының ойыншысы Дидар ЖЕКСЕКОВТЫҢ жұбайы Мақпал Исабекованың күйеуімен көңіл жарастырғанын айтып дабыл қаққан болатын.

@azamatc Театр сахнасы мен телеарнаның арасында шапқылап жүретін Азамат САТЫБАЛДЫ өнердің жай-күйін айтудан жалыққан емес. Бірақ естір құлақ болмаған соң, айтар ауыз шаршады ма, ол өз пікірлерін желіге жазуды әдетке айналдырған. Актер жігіттің тұщымды ойларын біреу жақтаса, енді біреулер жетер жеріне жеткізіп сынап тастайды.

Жуырда ол:«Қазіргі заманда өнерпаздар тарыға телмірген тауықтың кейпін киіп жүр. Өкінішті...» деп түңіліпті. Оның бұл жариясын өнердегі әріптестерінен бастап, қарапайым оқырмандары бүге-шүгесіне дейін талдап тастаған. Мәселен, белгілі актер Рахман Омар әріптесінің ақша жағын айтып тұрмағанын жеткізген.

Ал kamitovadilkhan есімді желі қолданушысы: «Тауық деген борқылдақ боқ тышады. Қыран деген қалықтап көкке ұшады. Күйбелең тіршілікпен дүбара қоғам тауықтың күйін кештірсе де, әр азамат қырандай қанатын қомдап өз биігінен түспеу керек. Қияда қарқылдаған қарғаның емес, қиядан құлап өлген қыранның тағдырын кешкен қазақпыз. Рухы сынған адам нағыз мүгедек адам » - деп, жігіт атаулының намысына тиер сөздер айтып, Азаматты жігерлендірген.

@sadvakasovamadina Әріптестерінің кейбіреуі темір тұлпарына төленетін салықтан жалтарып жүргенде, Мәдина САДУАҚАСОВАНЫҢ көлігі айып тұрағынан бірақ шықты. Қыстың қырау басқан суығында жүргізушілердің көлікті орнынан қозғалтуы мұңға айналды.

Осындай қысылтаяңда көлігін жол ортасына қалдырып кетсе керек: «Күн қанша аяз болса да көліктеріңізді дұрыс орынға қойып кетіңіз. Немесе штраф стоянкадан бірақ шығады. Және мен сияқты көпірдің астында селфи жасап жүресіз» - деп жазды әнші қыз.

Мәдинаның бұл қылығын біреулер ұшқалақтыққа теңесе, енді біреулері қалжыңға сүйреген. Zhanibek4013 есімді қолданушы: «МАИ-да мықты таныс браттар жоқ па сізде?!» - деп, қоғамды жайлаған індет тамыр-таныстықты алға тартып, әнші қызды қағытқан.

Фото: express-k.kz, Instagram.com.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.