Қаз   Рус

Көкшетауда оқушылар көрші аудандағы мектепке жаяу қатынайды

166 қаралды
0
Ерболат АСЫЛБЕКОВ
Среда, 10 Янв 2018, 12:00

Бейбітшілік шағын ауданының оқушылары он жылдан бері мектепке күніне сегіз шақырым жаяу жүріп барады

Көкшетау қаласының іргесіндегі Бейбітшілік шағын ауданы өркениеттен жырақта өмір сүріп жатқандай. Бұл жерге қоғамдық көлік қатынамайды. Мектеп, бала бақша жоқ. 100-ге жуық оқушы көрші аудандағы мектепке күніне ары-бері 8 шақырым жаяу жүріп қатынайды екен. Жаяу жүру түк емес, балалар білім алу үшін тау-қыраттарды асып өтуге тура келеді екен.

- Әсіресе қыстың күні қиын. Қараңғыда шығамыз. Қорқынышты. Күнде суық. Ініммен бірге барамыз. Інімді аяймын. Жолға 40 минуттай уақыт кетеді. Бізге автобус керек, - дейді мектеп оқушысы Темірлан ҚҰМАРБЕК.

Бейбітшілік шағын ауданы Көкшетау маңында 10 жыл бұрын пайда болған. Көбі ауылдан келген ауданда 700-ге жуық отбасы тұрады. Содан бері жол проблемасы шешілмей келеді. Бұл жайлы республикалық БАҚ-ры кезектесіп айтып келе жатыр деседе болады. Сондықтан да облыста, қала әкімдігі де Бейбітшіліктегі жұрттың жағдайынан хабардар. Жергілікті шенеуніктер қоғамдық көліктің қатынамайтындығын  асфальт жолдың жоқтығымен түсіндіреді.

- Мектеп пен балабақшаның құрлысын жоспарлап отырмыз. Осы нысандар салынса, Бейбітшілік өзінің инфроқұрлымы бар толыққанды шағын ауданға айналады. Сол кезде жол салынып, міндетті түрде қоғамдық көліктер қатынайтын болады, - дейді Көкшетау қаласының бас сәулетшісі Илуа ӘБЕНОВ.

Илуа Әбенов айтқан құрлыс жұмыстары биылғы жылдың көктемінде басталады екен. Ал оның аяқталуы мерзімін айтқан жоқ. Яғни, Бейбітшілікке қоғамдық көліктің қашан қатынайтыны тағы да белгісіз болып тұр.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.