Қаз   Рус

Ермекбаев: Мемлекеттік БАҚ-ның мемлекет саясатын сынауға құқығы жоқ

69 қаралды
0
Ратель
Четверг, 30 Ноя 2017, 15:30

Министрдің айтуынша, бірқатар шет елдерде дін тақырыбы аз талқыланады екен

Мемлекеттен қаржылай қолдау алатын БАҚ-тың мемлекеттік саясатты сынауға моральдық құқығы жоқ, деп санайды дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан ЕРМЕКБАЕВ. Ведомство басшысы БАҚ-тың жұмысына қатысты ойын Астанада өткен Қазақстан дінтанушыларының VII форумында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Кейбір жеке сарапшылар мен азаматтық қызметшілердің мемлекеттің дін саласындағы жұмысына БАҚ-та сын айту фактілері байқалады. Немесе әлеуметтік желілерде билік органдары туралы теріс пікір қалыптастырады. Сіздердің көпшілік алдындағы ұстанымдарыңыз мемлекет мүддесін қолдауға бағытталуы тиіс. Мысалы, мемлекет қаржыландыратын БАҚ-та мемлекеттік саясатқа қайшы келетін ақпараттық материалдарды жариялау фактілері де кездеседі. Егер жұртты таңғалдыруды қалайтын жекеменшік БАҚ болса, онда түсінуге болады. Ал мемлекеттен қаржылай қолдау алатын БАҚ-тың мемлекеттік саясатты сынауға этикалық тұрғыдан моралдық құқығы жоқ деп ойлаймын", — дейді министр.

Осы тұста Ермекбаев діни саясатты нәтижелі жүргізіп келе жатқан шет мемлекеттерге тоқталды. 

"Мәселен, бірқатар шет елде, Бірікккен Араб Әмірліктері, Түркия болсын осы мәселе төңірегінде керексіз құмарлықты өрбітпеу үшін дін тақырыбын аз талқылауға тырысады. Бүгінгі таңда көптеген шетелдік сарапшылар діни экстремизм мен радикализм тақырыбы БАҚ-та неғұрлым аз көтерілсе, соғұрлым жақсы деген пайымға келіп отыр", — деді ол. 

Фото: 24.kz
 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера