Сәкен Майғазиев тізерлеп ұсыныс жасайтын жігіттерді сынға алды
Әнші бұл туралы НТК арнасының "Ревю” бағдарламасында айтты.
“Тізерлеп ер азаматтың отырғанын қаламаймын. Біреуге тисейін, біреуді түртпектейін деген емес, алдағы уақытта жігіттердің құлағына алтын сырға. Сөйтіп, тізерлеп отыра қалуды мен ер азаматқа тән емес деп ойлаймын өз басым”, – деді Сәкен МАЙҒАЗИЕВ.
Мысалы, «Жаңа толқын» байқауында мыңдаған көрермен алдында сүйіктісіне сөз салған Рүстем ЖҮГІНІСОВ те, дәл інісінің үйлену тойында Артур ТӨЛЕПОВТІҢ де жасаған ұсынысы көптің есінде. Бірақ, мұндайды аға буын жақтырмайтын сияқты.
Фото: allwomens.ru, newmuz.kz