Қаз   Рус

Бишімбаевтың жары сотта сөйледі

1183 қаралды
0
Ратель
Среда, 21 Фев 2018, 15:00

Назым Бишімбаевa ұлттық экономика экс-министрінің ісі бойынша сөзжарыста сөз сөйледі

Сөз алдында бұрынғы министрдің жары судьяға былай деді:

"Бұл процеске бірінші кезекте әділдік пен ар-намысқа бей-жай қарай алмайтын Қазақстан Республикасының азаматшасы ретінде қатысып отырмын. Екінші кезекте ғана Қуандық Бишімбаевтың жары ретінде", - деп мәлімдеді Назым БИШІМБАЕВА.

Оқи отырыңыз
Бишімбаев: 2 млн долларды алған жоқпын

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

"Күйеуімнің позициясын толықтай қолдаймын, ол кадрлық жұмыстарға жеткілікті түрде назар аударуда Мемлекет басшысының да, Қазақстан халқының да алдында кінәлі емес. Ол адам таңдауда қателесті. Аңғалдығы мен сенгіштігінен осындай күйге түсіп отыр деп ойлаймын. Алайда тағылып отырған айып - пара алу мен қаражат жымқыру қылмысын күйеуім жасаған жоқ. Ол Президент пен Үкіметтің барлық тапсырмасын жауапкершілікпен атқаратын. Ол "Нұрлы жол" бағдарламасын тез арада жүзеге асыруға тырысты және Қазақстандағы шыны зауытының өндірістік бағдарламасын іске асыруға үлес қосқысы келді. Бишімбаев Қуандық өзінің туған жерінде, Қызылордада жұмыс орындарын ашатын шыны зауыты салынғанын қалады", - деді шенеуніктің әйелі.

Назым Бишімбаева сотта күйеуінің қоғамдық қорғаушысы.
Астанада экс-министр мен тағы 22 фигурантқа қатысты істің басты сот отырысы осымен төртінші айға жалғасып жатыр. Осы уақыт бойынша процесс қатысушылары барлық сотталушының, куәгердің, іс материалын зерттеп жатқандардың пікірін тыңдап, аудио және видеожазбалармен танысты.  Ал биылғы қаңтарда Қуандық Бишімбаев сотқа берген куәлігінде өзіне тағылған айыппен келіспейтінін және істің қалай болғанын өз тарапынан айтып берген болатын. 25 қаңтарда прокурорлар жаңа айыптау актісін ұсынған. Бұдан кейін экс-министрге тағылған айыптарға тек бір пункт қосылып, ал жалпы өзгеріссіз қалған еді.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.