Қаз   Рус

Бишімбаев ісі бойынша жаңа айыптау актісі оқылды

293 қаралды
0
Ратель
Понедельник, 22 Янв 2018, 15:45

Экс-министрдің сотында кейбір тұлғалардың баптары өзгерді

Еліміздің бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтің ісіне қатысты сотта прокурорлар жаңа айыптау актісін оқыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бұл қылмыстық іс бойынша жедел шаралар 2016 жылдың ақпанынан бастап жүргізілді. Қылмыстық іс 2016 жылдың 9 тамызында тіркелді. Шамамен 7-8 ай бойы тергеу жүргізіліп, нәтижесінде айыптау актісі жасалды. Аталған айыптау актісінде біздің қорғалушымыз (Қуандық Бишімбаев) қашан, қайда, қандай жағдайда, қандай тұлғалардың қатысуымен белгілі бір қылмысты жасағаны жан-жақты баяндалған. Бүгін айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған жаңа айыптау жария етілді. Кейбір тұлғалардың баптары өзгерді.

Оқи отырыңыз
Президент халыққа көп қарыз екенін мойындады

Біздің қорғалушымызға қатысты бап сол күйінде қалып отыр. Дегенмен, қатысушылардың құрамы айтарлықтай өзгергендігіне назар аудартқым келеді», - деді сот отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне адвокат Сәлімжан Мусин. Оның айтуынша, қорғалушының сыбайластарының қатарынан бірқатар тұлға шығарылған. «Іс жүзінде екі жыл бойы айыптау барысында біздің қорғалушымызды белгілі бір тұлғалардың қатысуымен қандай да бір қылмыстарды жасады деп келді. Сот тергеуі барысында біз мұның шындыққа жанаспайтындығын дәлелдедік. Бір-біріне қарама-қайшы болған барлық дерлік дәлелдерді тексеріп шықтық. Аталған қарама-қайшылықтарды алып тастап, біздің көзқарасымызша қорғалушымызға аталған қылмыстарды жасады деген заңсыз  айып тағылғандығын іс жүзінде дәлелдедік», - деді Мусин.  Сәлімжан Мусиннің атап өтуінше, жаңа айыптау актісіне байланысты кейбір дәлелдерді зерттеуге қайтару жоспарланып отыр. «Негізінде солай болатындығына күдіктенбейміз де. Біз соны табанды түрде талап ететін боламыз», - деді ол. Айта кетерлігі, сот отырысы барысында прокурор Әлібек Айтжанов Қуандық Бишімбаевты мемлекеттік қызметті орындауға өкілетті тұлға бола отырып, делдалдар арқылы ірі көлемде пара алды деп айыптаған болатын.

Еске сала кетсек, 2017 жылдың 10 қаңтарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын хабарлаған болатын. Ұлттық бюродан мәлім еткендей, ол бірқатар адаммен алдын ала келісіп, ірі көлемде бірнеше мәрте пара алды деп айыпталуда. Бишімбаев Қызылорда қаласында әйнек шығаратын және өңдейтін зауыт салу барысында «Orda Glass» ЖШС-ның ведомстволық бағыныстағы компаниясы мен оның мердігерлік ұйымы «Шымкентхиммонтаж» ЖШС арқылы 1 млрд теңге жымқыру қылмыстық схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Өткен жылдың 12 қаңтары күні Астана қаласы Алматы аудандық №2 соты Қуандық Бишімбаевқа қатысты оны «қамауға алу» туралы санкция берді. Тергеу нұсқасы бойынша, Бишімбаев заңсыз жолмен алған ақшалай қаражаттарын жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Дереккөз: ҚазАқпарат.


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.