Қаз   Рус

Бишімбаев: 2 млн долларды алған жоқпын

992 қаралды
0
Ратель
Вторник, 20 Фев 2018, 17:00

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтан сотта өтіп жатқан сөзжарыс аясында жауап алынды

Бұрынғы министр Қызылордадағы шыны зауытының құрылысы ісіндегі эпизодта 2 миллион доллар пара алды деген айыптауға қатысты пікір білдірді.

Тергеу нұсқасы бойынша, Қуандық БИШІМБАЕВ өндірістік нысанды салуы керек болған "Шымкентхиммонтаж" ЖШС компаниясымен келісімшарт жасасу үшін 2 миллион доллар алған. Осы компанияның басшысы Жақсылық Исабек сот алдында "сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемденді немесе жаратты" деген бап бойынша айыптау бойынша жауап беріп жатыр. 

Оқи отырыңыз
Прокурор Бишімбаевты 12 жылға соттауды сұрады

"Пара алу бойынша айыптаудың маған қарсы екенін айтқым келеді. Бұл айыптау Исабектің, Айталиевтің, Бекжановтың куәлігіне негізделген. Тергеу кезеңі бойында менен де, жұбайымнан да, тіпті басқа біреуден де бұл пара табылмады. Айыптаушы 2015 жылдың 22 сәуірінде мейрамханада Тоқтаровпен, Айталиевпен және Исабековпен кездесуімде пара алуға келісім жасалды деп есептейді. Бұл шындыққа жанаспайды", - деді Қуандық Бишімбаев.

Сондай-ақ, Қуандық Бишімбаев 12 жылға барынша қауіпсіздендірілген мекемеде өтеуге 12 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза сұрауына қатысты пікір білдірді.

"Әрине, айыптаушылардың сұрап отырған жазасы мені абдыратып тастады. Еш келісе алмаймын. Менің ұстанымым бір ғана ойға негізделген - мен жасамаған қылмысты жасадым деп айта алмаймын. Бүгін (19 ақпан) келтірілген дәлелдер мен жалпы сот отырыстарында айтылғандар сотталушылар мойындап отырған қылмысқа менің қатысымның бар екенін дәлелдемейді. Кінәні мойындаған жақсы. Бірақ мойындаумен қатар жала жабуға көшкені жаман", - деді Қуандық Бишімбаев.

Айта кетейік, Астанада экс-министр мен тағы 22 фигурантқа қатысты істің басты сот отырысы осымен төртінші айға жалғасып жатыр. Осы уақыт бойынша процесс қатысушылары барлық сотталушының, куәгердің, іс материалын зерттеп жатқандардың пікірін тыңдап, аудио және видеожазбалармен танысты.  Ал биылғы қаңтарда Қуандық Бишімбаев сотқа берген куәлігінде өзіне тағылған айыппен келіспейтінін және істің қалай болғанын өз тарапынан айтып берген болатын. 25 қаңтарда прокурорлар жаңа айыптау актісін ұсынған. Бұдан кейін экс-министрге тағылған айыптарға тек бір пункт қосылып, ал жалпы өзгеріссіз қалған еді.

Дереккөз: Tengrinews.kz.


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.