Бес қыздан соң ұлды болған депутат ұлан-асыр той жасады
Бекболат ТІЛЕУХАННЫҢ Махмұт есімді ұлы 2017 жылдың қараша айында өмірге келген еді. Дүркіреп өткен бесік тойда өнер иелері, айтыскерлер мен әншілер бас қосты.
“Алаштың сүйікті, менің ерекше жақсы көретін Майра апаммен Бекболат ағамның қуанышында…! Қазақтың әр шаңырағында бесік той болсын..!”, – деп жазды Айнұр ТҰРСЫНБАЕВА желідегі парақшасында.
“Басталды ойын басталды..Ай! Басталады Бесік той! Шілдеxана “Бесігім Берекем” деп Бекболат Тілеуxан мен Кенженің жайған дастарxанының құрметті қонағы болып отырмыз! бес қыздан кейін өмірге келген Маxмуд құлыншақтың бауы берік болып таудай азамат болсын!”, – деп жазады Майра МҰХАМЕДҚЫЗЫ.
Айта кетейік, Бекболат Тілеуханның отбасында 2015 жылы қыз бала дүниеге келген еді. Отандық арналардың біріне берген сұхбатында Қоғам қайраткері бірнеше отбасы бар екенін айтқан болатын.
“Бекболат ағаның атұстары Маxмұт батырдың бесік тойындамыз! Өзіңізден асып түсер ұл болсын, аға! Құттықтап қойсаңыздар болады”, деп жазды Айдар ТҰРҒАНБЕК.