Қаз   Рус

Баян Нұрмышева: Дәстүрлі әнге сұраныс азайып барады

200 қаралды
0
Динар ҚАМИЛҚЫЗЫ
Воскресенье, 21 Янв 2018, 16:00

Қазақ сахнасында гитара арқалаған арулардың бірімен өнер және өмір жайлы сұхбат

Баян НҰРМЫШЕВА - Бес жасында домбыраның құлағында ойнаған өнерпаз дәстүрлі өнермен сусындады. Бес жасында домбыраның құлағында ойнаған өнерпаз дәстүрлі өнермен сусындады. Сөйтіп, қос ішектен туындаған халық әндерін жеті шекке салып, тыңдарман жүрегінен орын алды. Жастайынан тағдырдың талқысына түссе де саф өнерге адал болды. Осылайша бақытын өнерден тапты.

- Баян ханым, әріптестеріңіздің дені жаппай жылы жаққа демалуға кетіп жатыр. Ал, отағасы Ерлан (Орынбасаров )мен Баянның қыстың көзі қырауда тынбай еңбек етіп жатқанына қарағанда, шығармашылыққа қызу кірісіп жатқан сияқтысыздар. Мұның да өз себебі бар болар?

- Өнер адамдарының көбісі қаңтар мен ақпан айларында демалысқа кетеді. Өйткені бұл айларда жұмыс саябырсыйды. Той-томалақ та азаяды дегендей. Ал өз тарапымыздан айтар болсақ, баламыздың әлі буыны бекімеді. Жуырда ғана алтыншы айға аяқ басты. Қыстың суығында әрі-бері алып жүруде оңай емес, алыс жолға шығамыз деп суық тигізіп алуымыз әбден мүмкін. Сондықтан әзірге демалысты сырып қойған жөніміз бар. Ал, шығармашылықпен қызу айналысып жатқанымыз рас. Осы уақытқа дейін Ерлан екеуіміз біраз жаңа әндер жазып тастаған едік. Соларға бейнебаян түсірудің қамымен жүрміз.

- Жуырда «Жүрегім» атты әндеріңізге бейнебаян түсіріп, тыңдарманға тарту еттіңіздер. Өз кезегінде әлеуметтік желілерде әріптестеріңіз оң бағасын беріп жатыр екен. Бұл туынды қай қалада және қанша қаражатқа түсірілді?

- Аталмыш бейнебаянымыздың түсірілімі Алматы қаласында өтті. Ерланның жағалауда жүретін көрінісін Қапшағай су қоймасында түсірдік. Бұл клип көп сюжетті қажет етпеді. Бар болғаны бір-бірін екі жақта сағынысқан қос ғашықтың әрекеті баяндалады. Әннің сөзі оқиға желісімен дұрыс үйлесім тапты деп ойлаймын. Десе де оң бағасын тыңдарман өзі бере жатар. Ал, кеткен қаражатты отағасының өзі біледі. Себебі мен ер адамның түздегі жұмысына көп араласпаймын. Менің тілегім жазған әніміз бен түсірген туындымыз көрермен тарапынан оң бағасын алса деген ниет қана.

- Ерлан мен Баянның бала тәрбиесімен бірге шығармашылық жолындағы жетістіктері артып келеді. Бұл қандай да бір продюсердің ізденісінің көрінісі ме, әлде тізе қоса отырып атқарған еңбектің жемісі ме?

- «Келісіп пішілген тон келте болмас» дейді ғой. Біз отбасында бірге ақылдасып отырып шешім қабылдаймыз. Бұл жалғыз шығармашылық жолында ғана емес, бала тәрбиесімен үйдегі шаруаларға да қатысты үрдіс. Ауызбіршілік бар жерде береке болады ғой. Барлық нәсібіміз сол берекенің берекетінде деп ойлаймын.

- Сіздің Ерланнан екі көйлек бұрын тоздырғаныңызды ескерсек,отбасында жарыңыздың алдына түсіп кететін кездер бола ма?

- Отбасында жастың үлкен кішілігі рөл ойнамайды. Ерлан сырттағы тірлікпен айналысса, мен бала тәрбиесімен үй тіршілігін реттеймін. Өз басым ер азаматтың жұмысына араласқанды құптамаймын. Ал, шығармашылық жағынан айтар болсам, жасымыз үлкен кіші демей, қайсымыздың жоспар-жоралғымыз ақылға қонымды, сол бойынша жұмыс істейміз. Мәселен, шығарып жатқан дуэттік әндердің барлығының авторы Ерланның өзі. Ал мен жетпей жатқан жеріне өз ойымды қосып, оған демеу болуға тырысамын.

- Ел арасында ән өнерінде эстрада сытылып алға шықты да, қалғаны жетім баланың күйін кеші жүр деген пікір бар. Мұнымен келісесіз бе?

- Әрине эстрадалық әндер мен орындаушылардың бағының жанып тұрғаны рас. Бұл жалғыз біздің елде ғана емес, бүкіл әлем осыны бастан кешіріп жатыр. Мұны жаһанданудың көрінісі деп ойлаймын. Әйтсе де біздің елде әлемдік деңгейде өнер көрсете алатын әріптестерімнің бары қуантады. Дәстүрлі әндер мен классикалық ән өнеріне сұраныстың аз екенін жоққа шығармаймын. Көбіне интелегенцияның тыңдайтыны жасырын емес. Халықтың басым бөлігі эстрадалық әнді қалайтын болғандықтан әншілер сол сұранысты өтеу жолында еңбек етіп келеді.

- Қалай дегенмен де дәстүрлі әншілердің көбі поп әндерге ойысып барады. Мұны уақыт өте түзелетін жағдайға жатқызасыз ба?

- Бұл үрдістің қаншалықты бір жолға қойылатынын уақыт көрсетеді. Мені арнайы домбырамен немесе гитарамен ән салуымды сұрап шақыратын арнайы орта бар. Ал той-томалақ пен тікелей толқындағы бағдарламаларда халық әндерін сұрай бермейді. Бұған ешкімді кіналауға келмейтін сияқты. Өйткені халықтың талғамына талас тудыра алмаймыз.

Оқи отырыңыз
Төреғали неге намазға жығылғанын айтты

- Сонда қазақ неге төл өнеріне осқырынып қарайтын болды. Домбырамен айтылатын халық әндерін гитараға салып, тыңдарманды таң қалдырған Баянның қос аспабын қолына алмай жүргені жанына батпай ма?

- Облыс, аудан орталықтарын аралап, шығармашылық сапармен ел ішіне барғанда домбырамен және гитарамен ән саламын. Осылайша залға жиналған оқушылар мен жас жеткіншектерге төл өнерді насихаттауға тырысамын. Себебі халық әндері қазақтың қанына сіңген өнер. Қалайда жолын тауып ұлттық өнерді қолымнан келгенше халыққа жеткізуге тырысамын. Бір әншінің айтқан әнімен тыңдарман талғамы түзеліп кетпес. Негізі қазақтың төл өнері бұқаралық ақпарат құралынан, оның ішінде телеарналардан қалыс қалып бара жатыр. Өйткені көгілдір экраннан нені көрсетсе, халықтың құлағы да соған үйренеді. Өзіміз бала кезде эфирден ұстазым Қайрат Байбосынов ағамызды, Алтынбек Қоразбаевты, Бекболат Тілеуханды, Жанар Айжанованы, Мейрамбек Беспаевты көріп өстік. Соларға еліктеп, өнер жолына келдік. Ал, қазіргі жастардың кімдерге еліктеп жүргенін өзіңіз де жақсы білесіз?!

- Сіз бір кездері сазгерлік қырыңыздан да таныла бастап едіңіз. Бала күтімі әдемі ән жазуға мұрша бермей жүр ме?

- Санама әдемі әуен оралғанда ән жазатыным бар. Сондықтан арнайы тапсырыспен жұмыс істеп көрмеппін. Ақындарымыздың жүрек тебірентер өлеңдерін көргенде шабытымның оянатыны рас. Бірақ кейінгі кезде жазбай жүргеніме қарағанда, әнге сұранып тұрған жолдарды кездестіре алмай жүрген сияқтымын.

- «Бір бақытты табу үшін бір бақытты жоғалттым»- деп, өзіңіздің әніңізде айтылатындай, Ерлан екеуіңіз де бұрын неке көргенсіздер. Келіп түскен жеріңіз бастабында сізді қалай қабылдады?

- Ерланның ата-анасы мен етжақындары жылы қабылдағаннан кейін болар, осылайша айрандай ұйыған отбасы болып отырғанымыз. Алла ұзағынан сүйіндірсін деймін.

Оқи отырыңыз
Мадияр Серікбаев: Жат ағымға қатысымыз жоқ

- Күйбең тірліктің қиыншылығынан әйелдік болмысын жоғалтып жатқан қыз-келіншектеріміз аз емес. Осы замандастарымыздың тұрғысынан не айтқан болар едіңіз?

- Өз басым біреуге ақыл айтып, кеңес беруден аулақ адаммын. Себебі әр адамға берілетін сынақ әртүрлі. «Қазаны басқаның қайғысы басқа» деуші еді. Қанша жерден түсінуге тырыссаң да, өзгенің басындағы ауыртпалықты толық сезінуің қиын. Алайда баланы тауып, бағып-қағып жүрген замандастарыма күнкөріс қамының оңай тиіп жатпағаны анық. Әр анаға үміт артқан ұл-қызының биіктен көрінуін жазсын деген тілегім бар.

- Бұрын сіздің Қорғаныс министрлігінің ансамблінде қызмет еткеніңізді білеміз. Қазір бұл мемлекеттік мекемемен қатысыңыз бар ма?

- Ол жерден жұмыстан кеткеніме біраз уақыт болды. Одан соң хабар алысқан емеспіз.

- Ауылда туып, ауылдан шыға алмай жатқан тума таланттардың тағдыры алаңдатпай ма?

- Бұрынғы кезде болашақ әншінге қойылатын талап- даусының әдемілігі деп түсінетін едік.Бірақ уақыт өте келе қыруар еңбек пен қырағылықтың қажет екенін түсіндік. Сондықтан ауылдан шыққан қара домалақтарға пысықтық қажет деймін. Өзімізді де қалаға келе сала қолпаштаған адам болмады. Халықтың осы қошеметіне күндіз-түні тынбай еңбектенгеніміздің арқасында қол жеткіздік. Жалғыз өнерде ғана емес, өзге салада да бағыңның жануы - ізденіс пен алған біліміңе байланысты жемісін береді. Бірақ мұның барлығы жақсы мінезбен үйлеспесе ұзаққа баруың екіталай.

- Үш ұлдың анасысыз. Енді бір әппақ қызды дүниеге әкелсем деген арманыңыз да бар болар?

- Барлығы бір Алланың қалауымен болады ғой. Кенжем Зейін дүниеге келерде етжақындарымыз қыз болсын деп тілек білдірген еді. Бірақ өз басым оны қаламадым. Себебі «қыздың жолы жіңішке» деп бекер айтпаса керек. Әйел көретін қиындық аз емес. Қызды өмірге әкелген соң мәпелеп өсіріп, қияға қондырасың. Ол ертең қандай жерге келін болып барады, кейінгі тағдыры қалай болады?!- деген ой әзірден мазалайды. Келген келін де бір қызың ғой. Сондықтан ұлдарымды жақсы тәрбиелеп жеткізсем деген талап-тілегім бар.

Фото: ivest.kz, Instagram.com.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.