Қаз   Рус

Баян Есентаева: Мен ешқандай жауынгер, батыр емеспін

64 қаралды
0
Ратель
Пятница, 01 Дек 2017, 11:00

Танымал продюсер шымкенттік шенеуніктен зардап шеккен Әлия Байділдаеваны қорғауға кірісті

Әлия БАЙДІЛДАЕВА бұған дейін де екі қызын әкесі, Шымкенттің бұрынғы басшысы болған Өмірзақ ӘМЕТҰЛЫ мен оның жақындарынан қорғауды БАҚ арқылы сұрағаны есте.

Алматыда өткен баспасөз мәслихатында осы мәселеге байланысты продюсер Баян МАҚСАТҚЫЗЫ әйелдердің басындағы мұндай қиын жайттардың тым көбейгенін айта келіп:«Әлияның мәселесі маған қатты әсер етті. Тұрмыстық күш көрсетудің азабын үш жылдан бері тартып келеді екен. Сіз үш жыл дегеннің не екенін білесіз бе?! Жас, көрікті әйел екі баласымен бірге осындай сұмдықта өмір кешуде. Билік болса үнсіз. Үш жыл бойы өз құқығы үшін күресіп келеді: полицияға, прокуратураға, сотқа өтініш жазған, соңғы көмекті менен сұрады. Қазір біз біргеміз, бұл әйелдің  мәселесімен бірге күресетін боламыз», - деді.

Оқи отырыңыз
Қазақстандық фильм алғаш рет бір уақытта бес елде көрсетіледі

Әлия Байділдаеваның айтуы бойынша, үш жыл бойына тұрмыстық күш көрсетуден бастап азаптауға дейін түрлі қорлықты көрген. Қазір ол кәмелеттік жасқа толмаған екі баласымен Алматыдағы қиын жағдайларға ұшыраған әйелдер мен балаларға көмектесуге арналған Arasha уақытша тұрақтау баспанасында жатыр. 

«Әлияға көмектескім келеді. Жасырмаймын, көптеген әйел осындай мәселелермен маған хабарласады. Әлия циркке келді. Сенесіздер ме? Циркте мен фильм түсіріп жатқанмын. Көзіне жас алып тұрып: «Баян, өтінемін, құтқарыңыз мені», - деді. Мен ешқандай жауынгер, ешқандай батыр емеспін. Менде шайқасатын қылыш, тапанша, автомат жоқ, барып біреудің жазасын беретін. Бірақ мен қалың қоғамның назарын аудара аламын. Құдай сол үшін де мені тірі қалдырған шығар», - деді Баян Мақсатқызы.

Оқи отырыңыз
Павлодарда 80 жастағы кейуананы зорлады деп айыпталған жігітке сот үкімі шықты

 

Құқық қорғаушылардың мәлімдеуінше, Әлия Байділдаеваның мәселесі жайлы ҚР Ішкі істер Министрлігіне және Бас прокуратураға хабарланған.

«Мен Бас прокуратураға хабарладым, олар маған «Сіздің хабарламаңыз қабылданды» деп жауап берді. ІІМ арнайы бөлімінде де тиесілі шаралар атқарылатыны жайлы мәлімдеді. Енді олар барлық істі көтермек, себебі Әлия бірнеше рет өтініш жазған»,- деді тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары паналаған уақытша баспана директоры Маргарита ӨСКЕМБАЕВА.

Баян Есентаева Қазақстандағы тұрмыстық зомбылық мәселесіне душар болған әйелдерге көмек көрсететін орталықтардың жұмысын арттыруға ниетті екендігін, көпшіліктің назарын аударатынын  айтты.

Оқи отырыңыз
«Күнделік» толтырмаған ұстаздар

«Әлияның басындағы жайтты естігендердің көбісі бірден оның өзін кінәлап, «Өзі кінәлі!» дейтіні сөзсіз. Оның заңсыз некеден туып алған екі баласын да сөз етері анық. Болған жайттың бәріне Әлияны кінәлі дей салуға болады. Алайда әйелді қорлау дегенді кез келген жағдайда ақтап алу мүмкін емес. «Аузыңды жап, үндеме, ұят болады» деуден жалықпаймыз. Ал Әлияның қорлық көргені неге ұят деп саналмайды? Менің басымнан да осы жағдай өтті. Танымалдығым да, жұмысым да, талантым да көмектесе алмады. Өйткені мен де әлсіздік таныттым. Мен сияқты әйелдер елімізде өте көп», – деген продюсер қоғамдағы мұндай мәселемен күресуді, жәбір көрген әйелдерді қорғау қажетін айтты.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.