Қаз   Рус

Қазақтың тойы бітпесін!

67 қаралды
0
Ратель
Пятница, 05 Янв 2018, 16:30

Астананың 20 жылдығы қалай тойланады

«Астаналар шеруі: Астананың 20 жылдығы - әлемнің 20 астанасы» шарасы, «Notre Dame de Paris» мюзиклінің концерті, «Voice of Astana» халықаралық фестивалі мен ұлттық спортты ұлықтайтын «Ұлы дала рухы» фестивалі. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі елорданың 20 жылдығының шаралар легін бекітіп, жылдың ең айтулы мерейтойын атап өтуді жуырда бастап кетпек.

Осыған орай, мерейтой аясында «ҚазАқпарат» ХАА оқырман қауымға елорданың 20 жылдығына арналып, жыл бойы өтетін басты шаралар туралы мәліметті ұсынады. Астананың 20 жылдығына арналған шаралар легі жуықта ғана ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бекітілген. Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мерейтойдың құрметіне республикалық және халықаралық деңгейде 80-ге жуық шара өткізу жоспарланып отыр.

Атап айтқанда, «Астаналар шеруі: Астананың 20 жылдығы - әлемнің 20 астанасы» атты Халықаралық мәдени имидждік жоба мерекелер шеруіне ерекше өң бермек. Жоба бойынша әлемнің атақты 20 астанасының (Париж, Берлин, Лондон, Токио, Сингапур, Бейжің және т.б) құттықтауы таныстырылады. Мерейтой аясында «Астана Опера» театры Бейжің ұлттық опера театрымен бірге Джакомо Пуччинидің «Турандот» атты операсын дүйім жұртқа ұсынады. «Астана Опера» театры  тартуымен бірге «Астана Мюзикл» театрының әлемге танымал «Notre Dame de Paris» мюзиклімен (Р.Коччанте, Л.Пламондон секілді авторларымен бірге) бірлескен қойылымы Астана халқы мен шаһар қонақтары үшін керемет сый болары сөзсіз.

Оқи отырыңыз
Рухани жаңғырудан жарыс

Сонымен қатар, мерейтой барысында «Астана - менің бақытым» атты телевизиялық фильмнің таныстырылымы өтеді. Одан бөлек, отандық өнерпаздардың Вена опералық театры пен Мариин театры, Нью-Йорк Сити Балет, Ұлы Жібек Жолының Халықаралық симфониялық оркестрімен бірлескен концерттері өткізіледі. Мерейтойға жасалған айтулы сыйлықтардың бірі - бірегей халықаралық төрт көрме болмақ. Атап айтқанда, Третьяков галереясының коллекциясы (Мәскеу қ.), «Ұлы Моғолдар. Тарих артефакттары» (Дели қ.), Францияның Ұлттық музейлерінің бірлескен жиыны - Гранд-Пале (Париж қ.), «100 оқулықтағы әлем тарихы» көрмелері (Лондон қ.) қала жұртшылығының назарына ұсынылады. Осы арқылы қазақстандықтар шетелге шықпай-ақ әлем тарихының ең бай жауһарларын тамашалай алады.

Сонымен бірге, Азия жұлдыздарының қатысуымен «Voice of Astana» халықаралық фестивалін, АҚШ, Польша, Нидерланды және Қытай елінің ең үздік балеттік труппаларының қатысуымен ұйымдастырылатын «Eurasian Dance Festival» балет өнерінің ІІ Халықаралық фестивалін, әлемнің дәрежедегі киножұлыздардың және Испания, Ресей, Франция, Италия елдерінің театрларының қатысуымен ІІ Бүкіләлемдік «Астана» театр фестивалін, заманауи этникалық музыка мен биді паш ететін «The Spirit of the Dance» фестивалін өткізу жоспарланған. Елорданың мерейтойы аясында Астанада ойын-сауық фестивалі басталады. Қала тұрғындары мен меймандарына бірегей жоба - «Astana Azil Stars Fest» халықаралық фестивалі мен ІІ Халықаралық «Бауыржан Fest» ойын-сауық шарасы ұсынылады. Оған ТМД елдерінің ең танымал өнерпаздары қатыспақ. Астананың 20 жылдығы ұранымен Қазақстанда әлемдік дәрежедегі шара - Халықаралық сәулетшілер конгресі өтеді. Абыройы аса жоғары диалогтық алаң әлемдік сарапшылардың басын қоспақ. Ұйымға қазіргі уақытта әлемнің 120 елінің сәулетшілері мүше екенін атап өту керек.

Осынау шараның біздің елімізде өтуін Астананың әлемдік мегаполис екенін мойындауы деп тануға болады. Спорттық бағытта мерейтой құрметі үшін халықаралық және республикалық айтулы шараларды өткізу көзделуде. Нақтырақ айтқанда, ұлттық спорт түрлері бойынша - «Ұлы дала рухы» атты фестиваль, Қазақ күресінен «Қазақстан барысы» мен «Әлем барысы» өтеді. Сондай-ақ, «Астана» спорттың марафоны ұйымдастырылып, «Бозоқ қазынасы» атты театрлық-спорттық бақ ашылады. «Денис және оның достары» атты мұздағы шоу да биыл жоғары дәрежеде ұйымдастырылмақ. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, Астананың 20 жылдық мерейтойын атап өту рухани тұрғыда жаңғырудың, ұлттың бірегейлігін сақтаудың бір нышаны болары сөзсіз. Дәл осы жылы әлемдік дәрежедегі өнер ұжымдарының Астанаға ағылуы - мәдени тұрғыда Қазақстанның қашан да ашық екенін танытады. Министрлік шаралар демеушілердің көмегімен өткізілетінін хабарлайды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Фото: Inform.kz, tengrinews.kz 
 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.