Жыл басынан бері елден 28 150 мың адам кетіп қалған, оның 20 мыңнан астамы орыс ұлтының өкілдері екен
Елімізден кетіп жатқандардың көбі орыстар екен. Үстіміздегі жылдың басынан бері 20 462 орыс Қазақстаннан кетіп қалған, 2 331 неміс, 1 839 украин, 1 043 қазақ, 697 татар да басқа мемлекетке қоныс аударыпты. 25 290 мың адам ТМД-ға көшіп кетсе, қалған 2860-ы алыс шетелге кеткен. Олардың негізгі бөлігі шетелде тұрақты тұруға шешім қабылдағандар, бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлайды.
Сондай-ақ, жат елге жол тартқан отандастарымыздың 68 пайызы еңбекке жарамдылар болса, 25,7 пайызы балалар. Ал зейнеткерлер бар жоғы 6,3 пайызды құрайды.
Бұл адамдар еліміздің 6 облысы мен Алматы қаласында тұрған екен. Яғни Қарағанды облысынан 4 775, Шығыс Қазақстан облысынан 3 878, Қостанай облысынан 3 680, Павлодар облысынан 3 196, Солтүстік Қазақстан облысынан 2 537, Ақмола облысынан 2 141, Алматы қаласынан 2 745 адам миграцияға кеткен.
Енді мигранттардың мамандықтарына келетін болсақ. Техникалық мамандық иелерінің саны 4816. Экономикалық білімі барлар - 2672 болса, педагогтар -1 745, медицина мамандары – 788, заңгерлер – 647, құрылысшылар – 538.