Қаз   Рус

Қазақстанда дәрігерді қателігі үшін жауапқа тартпау ұсынылды

753 қаралды
0
Меруерт ХУСАИНОВА
Вторник, 30 Янв 2018, 15:45

Біртановтың «ертегілері» желіде қызу талқыға түсті

Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВТЫҢ  дәрігерлерді қателік жібергені үшін жауапқа тартпау керек деген ұсынысы әлеуметтік  желіде қызу талқыланып  жатыр.

Оқи отырыңыз
Мұғалімдер енді кочегарға айналмақ

Еске сала кетейік, министр: «Біз денсаулыққа қасақана зиян келтірілмеген жағдайды назарға алуымыз керек. Дәрігерлік қателік үшін жазалауға болмайды, бұл біздің қатаң ұстанымымыз. Өйткені дәрігерлердің қателік жіберуге құқысы бар. Жүз пайыз науқастың диагнозды, емдеу жолын білу мүмкін емес», - деген еді.  

Шенеуніктің бұл ұсынысына Инстаграм желісіндегі kazakh_inform парақшасында жүздеген адам өз пікірін қалдырыпты. Солардың біразын ықшамдап, орыс тілінен аударып, назарларыңызға ұсынамыз.

katcumi Жауапкершілік жоқ жерде қызметін мінсіз атқаруға деген қасиет те болмайды. Дәрігер болып туады, қалыптаспайды. Дәрігердің жан-тәні науқасқа көмек көрсетуді ғана ойлайды. Дәрігердің қателесуге қақысы жоқ. Өйткені оның қолында адамның тағдыры тұр. Мұндай ұсыныс жасағанша, халықты дұрыс емдеуге жағдай жасауды сұрамадыңыз ба? Жаңа технологиялардың жетіспеуінен дәрігерлер дұрыс диагноз қоя алмайтынын айтпадыңыз ба?

nazym_kuatbekkyzy Не медиктерді кінəлай бересіңдер, дұрыс айтады, олар да адам ғой. Білемін, медиктерге қателесуге болмайды. Жаңалық дұрыс көрмейді екенсіңдер. Кейбір дұрыс диагноз қойылуы қиын ауруларды табудан қателескенде немесе еңбектеніп, нəтиже шықпағандарды медиктердің кінəсі емес деді. Олар көктен түскен жоқ, сендер сияқты адам. Адам өлтіреді, өйтеді бүйтеді дейсіңдер, кімнің арқасында аман-сау дүниеге келдіңдер, соны ұмытпаңдар! Кейбіреуі өздері кінəлі, ауруы əбден асқынғанда дəрігерге ажалы таянғанда жүгінеді, сосын оның қолынан түк келмейді деп жазалайды. Ойланыңдар сəл болсын, ертең əрбір сөздеріңе жауап беретіндеріңді ұмытпаңдар.

dori_expresskz Бізде ақшаң болмаса, дәрігер бетіңе де қарамайды ғой. Ақша төлесең ғана болды. дәрігердің қабылдауы қазір психотерапевтің қабылдауы сияқты.

gulnarakz Егер олар дәрігерсіз қаламыз деп қорықса, онда мемлекет адамсыз қалады. Онсыз да елімізде дәрігердің қателігінен қаншама адам көз жұмды.

shikobyМен дәрігер емеспін! Сонда да қателеспейтін пенде болмайды, барлығы бір Алланың қолында! Барлығы уақытымен! Ол емделетін ауру болса дәрігерден қателік болады. Ал, емделмейтін болса оларды кінәләудің қажеті жоқ!

Оқи отырыңыз
Параны алмас бұрын немесе берер алдын не істеу керек

namsergei Қылмыстық жазаға тартпай, науқастың туыстарының қолына берейік қателескен дәрігерді. Біздегі дәрігерлердің көбі тамыр-таныстықпен жұмысқа тұрғандар. Бір диагнозды қою үшін бір ай ойланады.

zhumabekova2688 Жетіскен екенбіз... сонда олар эксперимент жасап журе берсін бе ( сауатсыздарын айтып отырмын)?

serik19911229 Олай болса, жаяу жүргіншіні қақан жүргізушіні де, ұрлық кезінде біреуді абайсызда өлтірген адамды да жауапқа тарпайық.

dana.kystaubaeva.lurey Біртанов мырза ВИЧ жұқтырған балалар туралы ұмытып кеткен сияқты. Сол кезде жауапқа кім тартылды? Кімнің қателігінен болды сол жағдай? Әркім өзі ісі үшін жауап беруге тиіс! Дипломды сатып алмай!

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.