Көрші елдің шенеунігі Назарбаев пен Кәрімовтің қарым-қатынасын есіне алды
"Қазақстан-Өзбекстан: өткен жылдар, бүгін мен болашақ" атты конференция барысында Өзбекстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Бахтиер ИСЛАМОВ Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ пен Ислам КӘРІМОВТІҢ қарым-қатынастарына қатысты естеліктерімен бөлісті.
Аталмыш жиын Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
«Мен Нұрсұлтан Назарбаев пен Ислам Кәрімовтің көптеген кездесулерінің куәсі болдым. Бұл кісілер бір-біріне адал ниетті шын достар болатын. Олар бір-бірін қатты сыйлады. Ислам Кәрімов Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі жоқ кездердің өзінде Қазақстанның дос мемлекет екенін және оны Нұрсұлтан Назарбаев басқаратынын айтып отыратын»,- деді Бахтиер Исламов.
«Кезекті сапарларының бірінде Ислам Кәрімов тіпті «жолдасың қазақ болса, жолыңнан адаспайсың» деп те айтты. Ислам Кәрімов бұл сөзді шын көңілмен жеткізді. Ал Ислам Әбдіғаниұлының мұндай сөздерді жиі айта бермейтінін баршаға аян. Сондықтан мен жолдасың қазақ болса, күн сайын құбылып тұратын әлемде тек жол тауып қана қоймайсың дегенді айтқым келіп отыр. Бұған екі ел президентттерінің кездесуі жарқын дәлел»,- деді Исламов.
Дереккөз: Қазақпарат
Фото: azattyq.org