Қаз   Рус

Атбасарда құдықтан екі айлық сәбидің денесі табылды

4523 қаралды
0
Ерболат АСЫЛБЕКОВ
Пятница, 09 Фев 2018, 09:00

Алғашқы болжам бойынша көкек ана көрші елді мекендердің бірінен болуы мүмкін

Ақмола облысында жантүршігерлік оқиға болды. Атбасар қаласында 7-ші ақпан күні құдықтардың бірінен қапқа салынған 2-3 айлық нәрестенің денесі табылды.

Оны сол жерде жөндеу жұмыстарын жүргізген су арнасының жұмысшылары тауып алған. Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Баланың өлі денесі табылғаны туралы суық xабарды Атбасарда естімеген адам жоқ. Үстінде сырт киімі бар, қапқа салынған нәрестенің денесі қаладағы Чапаев көшесіндегі ескі құдықтан табылған. Қыз баланың ол жерде қанша уақыт жатқаны белгісіз.

Қалада бұрын-соңды мұндай жайт тіркелмепті. Жаға ұстатарлық оқиғадан шошып қалған тұрғындар баласын аяусыздықпен лақтырып кеткен көкек ананың көрші ауылдардан болуы мүмкін дейді.

Сондай-ақ, бүлдіршінді құдыққа тастамас бұрын, басынан ұрып өлтірген деген болжам бар. Оқиғаны терезеден көрген Гүлнұр ЫБРАЕВА «кім болса да, туған баласын лақтырып кеткен ананы түсінбеймін» дейді.

«Арнайы мамандар келіп шақалақты құдықтан алып шыққанын көзіммен көрдім. Бала шамамен бар жоғы екі-үш айлық. Бұл жазықсыз сәбиді тастап кеткен осы жердің адамдары емес деп ойлаймын. Біз бәріміз білеміз ғой. Мында кім қашан босанғанын», - дейді Атбасар қаласының тұрғыны Гүлнұр Ыбраева.

Нәрестенің қашан және нақты қалай көз жұмғанын анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Аталмыш факті бойынша Ақмола облыстық ІІД-нің мамандары қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Бір белгілісі, ҚР ҚК-нің 99-шы бабы, яғни, «Кісі өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті.

Фото автордікі.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.