Қаз   Рус

Астананың 16 мектебінде санитарлық талаптар сақталмаған

34 қаралды
0
Ратель
Среда, 06 Дек 2017, 11:00

Әлеуметтік желіде мектеп әжетханасына қатысты сыннан кейін елордада тексеріс жүргізілді

Әлеуметтік желідегі мектеп әжетханасына қатысты сыннан кейін Астананың 16 мектебінде санитарлық талаптардың сақталмағаны анықталды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми интернет ресурсы.

Оқи отырыңыз
Ел болам десең - әжетханаңды түзе!

«Таяуда Facebook әлеуметтік желісінде елорданың №7 гимназиясындағы әжетханалардың суреттері жарияланған болатын. Суретте әйелдерге арналған санитарлы тораптардағы әжетханалардың арасында қоршаудың жоқтығы тайға таңба басқандай көрініп тұр. Суреттер жарияланған соң, Астана қаласы білім басқармасының басшысы Әнуар ЖАНҒОЗИН елордадағы барлық мектептердің санитарлы нормаларды сақтау-сақтамауын тексеруді бұйырды. Астананың алты мектебіндегі әжетханаларда санитарлы нормалар сақталмаған. Шенеуніктер орта білім беретін бірқатар оқу орнында басқа да санитарлы талаптардың бұзылғандығын анықтады», - делінген хабарламада.

Тексеріс 4 желтоқсанда жүргізілді. Хабарланғандай, қалалық білім басқармасында құрылған жұмыс тобы тексеріс барысында қаладағы кейбір мектептердің оқу жылы басталмай тұрып, ағымдағы жөндеу жұмыстарын уақытында аяқтауға үлгермегендігін анықтады.

Оқи отырыңыз
Түймебаевтың туалеттен басқа шаруасы жоқ па?

«Ағымдағы жылдың көктемі мен жазында барлық нысандар тексерістен өтіп, анықталған ескертулер бойынша актілер жасалған болатын. Білім беру мекемелерінің тарапынан ұсынылған бюджеттік арыздарға сәйкес нысандарды ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстарына, сондай-ақ, 42 нысандағы санитарлы тораптарды ауыстыру мен жаңарту шараларына қаражат қажетті көлемде бөлінген-ді», - деп түсіндірді қалалық білім басқармасынан.

Алайда жұмыстар барлық оқу орындарында жүзеге асырылмаған.

«Жоғарыда көрсетілген 42 нысанның алтауында бүгінге дейін әжетханалар қоршалмаса, 10 мектептің санитарлы тораптарындағы қоршаулардың есіктері орнатылмаған. Басқа нысандардағы санитарлы тораптар талаптарға сай келеді. Жоғарыда аталғанның негізінде қысқы демалыстың аяғына дейін нормаларды бұзу фактілерін дұрыстау бойынша барлық қажетті шаралар қолданылатын болады», - деп атап өтті басқармадан.

Оқи отырыңыз
Болашақ ұрпақ саулығының үрейлi көрсеткiші

Бұдан басқа да санитарлы нормалардың бұзылғандығы анықталды, мысалы, кей мектептердегі санитарлы тораптарда жеке гигиена құралдары қойылмаған.

«Жыл сайын оқу жылы басталмас бұрын арнайы құрылатын жұмыс тобы оқу орындарын тексерістен өткізеді. Комиссия құрамына ТЖ және қоғамдық денсаулықты қорғау департаменттерінің, денсаулық сақтау және білім басқармаларының қызметкерлері кіреді. Нысанды қабылдау кезінде өрт қауіпсіздігінің жүйесі, тамақтану орындарының жағдайы, жылыту жүйесі, санитарлы тораптар мен т.б. тексеріледі», - деп толықтырды Астана әкімдігінен.

Дереккөз: ҚазТАГ

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.