Еліміздің басым бөлігінде алдағы күндері аяз әрі жауын-шашынсыз болады
Қазақстанның басым бөлігіне антициклон әсер етіп, соның салдарынан ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады, батыс, солтүстік-батыс пен шығыста ғана аздап қар жауады, деп хабарлады Қазгидромет.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, желдің екпіні — 15-20 м/с, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында боран соғады.
Ақмола облысында кей жерлерде желдің екпіні – 15-20 м/с.
Маңғыстау, Павлодар облыстарында кей жерлерде тұман түседі.
Атырау облысында тұман, көктайғақ.
22 және 26 қаңтар аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аяз болады, түнде ауа температурасы —35-40°С.
Дереккөз: Sputniknews.kz.
Фото: inform.kz.