Қазақстандық режиссер түсірген «Завтра море» фильмі Францияда өткен халықаралық кинофестивальде жүлдегер атанды
Режиссер Катериан Суворова түсірген «Завтра море» фильмі Арал теңізінің экологиялық мәселесіне арналған. Ол Францияда дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан Жан Руш атындағы халықаралық кинофестивальдің биылғы 36-шы бағдарламасына енген, деп жазады ҚазАқпарат тілшісі.
Оқи отырыңыз
Байқаудың «Көрілім» бағдарламасы бойынша таныстырылған фильм «Антропология және жемісті даму» жүлдесіне лайық деп танылған. Парижге барып қайтқан режиссер Катериан Суворованың өзі фильмді көрермен ықыласпен қабыл алып, соңынан Арал теңізіне қатысты мәселе бойынша қызу талқыға ұласқанын айтады.
Айта кетейік, аталған фильм Қазақстан кино сыншылары қауымдастығы тағайындаған «Тұлпар» жүлдесін «Үздік фильм» номинациясы бойынша жеңіп алған болатын.
Фото: inform.kz