Қаз   Рус

Ақмолада суицид жасағандар бөлек жерленеді

41 қаралды
0
Ратель
Среда, 22 Ноя 2017, 09:00

Имамның айтуынша, жеті жыл ішінде 10 адам зираттың шетіне бөлек жерленген

Ақмола облысы, Көкшетау қаласына қарасты Красный Яр елді мекенінде өз-өзіне қол жұмсағандар 2010 жылдан бері бөлек жерленеді.

Мұндай бастаманы Красный Яр мешітінің бас имамы Науан МҮТӘЛІҰЛЫ  көтерген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Имам алғаш рет бұл бастаманы өзінің туған ауылы Жаңатілекте (Ақмола облысы Зеренді ауданы) жүзеге асырған. Кейін қызмет бабымен Красный Яр елдімекеніне ауысқаннан кейін, осы жерде де өз-өзіне қол жұмсағандарды бөлек жерлеу мәселесін көтереді. 

«Өз-өзіне қол жұмсағандар көбейіп кеткеннен кейін, осындай бастаманы қолға алдық. Үлкен зираттан бөлек, оқшаулау тұрғаннан кейін адамдарға ой салар деп үміттендік. Әбу Ханифа мазхабында өз-өзіне қол салуды үлкен күнә деп есептеп, жаназасын шығарады. Бірақ тәртібі бойынша жаназасын елдің патшасы, әкімі немесе бас имамдары шығармайды, жай қатардағы намазхан адамдар шығарады. Ондағы мақсат – мұның жек көрінішті амал екенін көрсету», — дейді бас имам. 

«Өз-өзіне қол жұмсағандарды орталықтан берілген үлкен зираттың шеті, нағыз бұрышына қойғыздық. Араларында бірнеше метр орын бар. Елдімекенге келіп-кеткен адамдардың өзі  «мына кісілер неге бөлек жатыр» деп сұрап жатады. Шыны керек, адамдарға үлкен ой тастап жатыр, жемісін көріп жатырмыз. Суицид жасамақ болған бірнеше адам райынан қайтты", — дейді Мүтәлұлы. 
Имамның айтуынша, жеті жыл ішінде 9-10 адам зираттың шетіне бөлек жерленген. 
«Өзіне қол жұмсағандардың дені – жастар, дегенмен үлкендері де жоқ емес. Тіпті 1942 жылғы ақсақал бар», — дейді ол. 

Красный Яр халқы мұндай бастамаға бас кезінде қарсылық танытып, шу шығарған. Кейін тұрғындармен әңгімелесіп, мұның мәні мен маңызын түсіндіргеннен кейін дұрыс шешім екенін ұғыпты. 

«Біздегі тәртіпті естіген адамдар, жақыны өз-өзіне қол жұмсап қайтса, басқа ауылға, алыс жаққа алып кетіп, сонда жерлейді. Себебі біздің позициямызды біледі», — деп түйіндеді сөзін бас имам. 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.