Қаз   Рус

Қайрат Нұртас «Жұлдызды жекпе-жекте» жеңіске қалай жетті

10531 қаралды
0
Динар ҚАМИЛҚЫЗЫ
Суббота, 09 Дек 2017, 11:00

«Жұлдызды» Instagram жаңалықтары

@gulziraaidarbekova «Хабар» арнасынан көрсетіліп жатқан «Жұлдызды жекпе-жек» бағдарламасы жуырда өз мәресіне жетті.

Оқи отырыңыз
Елбасы рөлін сомдаған Нұрлан Әлімжан кіммен көңіл жарастырып жүр

Жұлдызды деген аты болмаса, сайысқа сахнаның ыстық-суығын көрген аға буын өкілдері емес, жастар арасында топ жарған әншілер қатысты. Бағдарламаның қорытындысы бойынша, Қайрат НҰРТАС жеңімпаз деп танылды. Десе де, әлеуметтік желілерде байқаудың әділ өтпегенін айтып, наразылық білдіргендер саны артып отыр. Бұл өз алдына Қайраттың анасы әрі продюсері Гүлзира АЙДАРБЕКОВАНЫҢ шамына тисе керек, баласына былайша араша түсті.

«Кір іздеген адамға мін табыла береді. Шегі жоқ, мейлі сен мықты бол, төмен бол, бәрібір. Егер Қайрат жеңімпаз болмаса, осы уақытқа дейін он жыл сахнада емес, қой бағып жүр екен дегендей айтылар еді. Ал, жеңімпаз болып еді, негізі әділдік болмады деп өсектей салу тағы бар. Тіптен жүлдені сатып алған деушілер де жоқ емес. Сол кісілерге айтарым, Қайрат жеңісті сатып алатын болса, ертең сол адамдарға не бетімен қарар еді?» деп жазды жеке парақшасына.

@Sanjar.madi Ресейлік киногерлермен жұмыс жасап жатқан белгілі актер Санжар МӘДИ жерлестерінің көкейінде жүрген сауалдарға желі арқылы жауап берді. Санжардың шетелдік туындыларға түсіп, қазақтың атын шығарып жүргенін жақсы білеміз. Ресейлік примадонна Алла ПУГАЧЕВА жиені Никита ПРЕСНЯКОВТЫҢ тойына Санжарды құтты қонақ ретінде шақыртып, той төріне шығарғанын білеміз. Орыс тілінде сөйлесе де, қазақ болып туылғанын мақтан тұтатын ол, қызына Ұмай ананың есімін беріпті.

Көрерменге берген жауабы арқылы білгеніміз - Санжардың мамандығының өнермен қатысы болмай шықты. Мыңдаған сауалдың астында қалған ол ел мен жер, ру мен дін тақырыбын тыс қалтырмаған. Мысалы, haia_madrid008 есімді тіркелуші қазақтардың өз жерінде қашан лайықты өмір сүретінін сұрапты. Тосылып қалмаған Санжар: «Бұл философиялық сұраққа кезінде Абай атамыздың өзі жауап іздеген. Қазақтарға жақсы өмір сүру үшін өзіміздің қазақтар кедергі келтіруде. Өткен мен болашақты байланыстыратын қандай да бір тәртіп моделін қалыптастыруымыз керек. Сонымен қатар жемқорлықты жою керек», - деп өз ойын түйіндеген.

@mira_tusupbaeva «Меруертке не көрінген?». Әншінің инстаграмдағы оқырмандары осылай деп дабыл қағуда. Бұған себеп, жуырда Меруерт ТҮСІПБАЕВА желіге Мейрамбек БЕСПАЕВТЫҢ құшағында тұрған суретін жариялады.

«Жарқын мінезді бауырым! Менікі бар болғаны әпкелік сезім. Әсірелемеңдер, бәрібір түк шықпайды» деп, орысша қазақшасы аралас жазба да қалдырған. Мұны көрген оқырмандардың пікірі екіге жарылды. Бірі - мұның көрер көзге ерсі екенін айтса, енді біреулері - оның еш әбестігі жоғын жеткізген. Үнемі қалжыңдап жүретін ашық-жарқын мінезді әнші инстадостарының қытығына одан бетер тигісі келді ме, «Мәкең көрмей тұрғанда, сүйіп-сүйіп алайын» - деп, Мейрамбектің жарын тілге тиек еткен.

@kyrykbayeva Тұрмысқа шыққалы көрінбей кеткен Динара ҚЫРЫҚБАЕВА екінші сәбиін дүниеге әкелді. Өзін әнші, актриса әрі жүргізушілік қырынан сынап үлгерген қалталы қызды көрермендері экраннан жоғалтып алған еді. Әріптестері арасында Динараның басыбайлы бизнеске кеткенін аракідік естіп тұратын едік. Сөйткен Динара, сүйкімді қызының соңынан шекесі торсықтай ұл туды.

Әлеуметтік желіде «Қош келдің, жаным! Екі баланың анасы» деп жазды ол, қуанышын көппен бөлісіп. Мұны оқыған достары мен әріптестері Динараны ақ тілектің астында қалдырды.

@karakat_a Қарақат ӘБІЛДИНА тағы бір бизнес түрін ашты. Осыдан біраз бұрын инстадағы парақшасына:

«Ардақты ағайын! Бүгінгі күннің басты жаңалығы - Қарақат мектеп студиясының жанынан «Қарақат event орталығы» ашылды. Орталықтың алғашқы жұмысын тұсаукесермен бастадық. Негізі, осы шараны жасауға ұйытқы болған өздеріңіз. Мен ешқашан қазақтың баласының тұсауын кесіп, оған уакытымды бөлемін, тіпті осы дәстүр екінші кәсібіме айналады деп ойлаған жан емеспін. Осы уақытқа дейін көптеген ата-аналар балаларын мектебіме әкеліп кестіріп жүрген болса, кейін сахнаның сыртында, кез келген жерде тұсау кесуімді өтінген жағдайлар көбейіп кетті. Басқасын айтпағанда, соңғы екі айда тұсау кесуге жүзден аса бала тіркелген. Міне, осының барлығын ескере отырып, мағынасы терең қазақтың тамаша «тұсау кесу» дәстүрін сәні мен салтанатын жарастырып мейрамханада ұйымдастырайық деп шештік...» деп жазды.

Осылай деген Қарақат алғашқы күннің өзінде жиырма бес баланың тұсауын кесіп үлгеріпті. Тіпті, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау, Тараз, Астана қалаларынан баласының тұсауын арнайы кестіруге келген ата-аналар да бар көрінеді.

Біреулер мұны - пиар, қалаберді ақша табудың жолына баласа, енді біреулері - «Қарақат тұсауын кескен құлыншақтарға» құтты қадам тілеген.

@«Dinara Satzhan» Мансабын тележүргізушіліктен бастаған Динара СӘТЖАН өзін әр салада сынап келеді. Енді Динара бизнестегі тағы бір қырынан танылды.

Мәселен ол жуырда желіге шеберхана ішінде тұрған суретін қойып, туған күн сияқты әртүрлі мерекелерге демеушілік жағынан қолдау көрсететінін айтып, қазақстандық суретшілердің туындысынан құралған арт- галереясымен таныстырған. Динараның бұл бастамасын қуанышпен қабылдап, оның отандық қылқалам шеберлеріне жасалған құрметіне алғыс айтқандар санында шек болмады. Неге екенін, көп ұзамай Динара бұл жазбасын желіден өшіріп, оны « Өз Ван ГОГ-ыңды іздеу жолында» деген жазбамен алмастырды. Соңырсын «Monako» демалыс үйінде, арнайы арт-орталық ашылып, оның төрт қабатына бірдей қазақстандық қылқалам шеберлерінің еңбегі қойылатынын жазды. Осыдан біраз уақыт бұрын Динара «Қазақстандағы ең беделді он әйелдің» санатына енген болатын.

Фото: instagram.com, youtube.com

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.