«Шудың бойында» әнімен танымал болған әнші тоқал алуға қарсы емес
Әнші бұл туралы «Еуразия» арнасындағы «Әйел сыры» бағдарламасына берген сұхбатында хабарлады.
«Екінші әйелге қарсы болу құдайға қарсы болумен тең. Мұсылманда төрт әйелге рұқсат берген. Мұсылман адам көбею керек. Мен өз басым жағдайым жақсы болса, екінші әйел, ал одан ары жақсы болса үшінші, төртінші әйел аламын»,- деді ол.
«Шу бойында» әнімен қатар Ахан ОТЫНШИЕВ продюсер Жан АХМАДИЕВПЕН бірге өткен жылдың хитіне айналған "Зың-зың" әніне бейнебаян түсірген еді.
Фото әлеуметтік желіден алынды.