Қаз   Рус

Бірнеше жыл жалған ішімдік жасап келген топ сотталды

61 қаралды
0
Әйгерім ЖЕТПІСОВА
Пятница, 12 Янв 2018, 14:00

Павлодарда қылмыстық топ екі жыл бойы астыртын арақ жасаумен айналысып келген

Кәсіптерін дөңгелету үшін төрт келіншек пен бір ер адамнан құралған бұл топ Павлодар мен қалаға қарасты Кенжекөл ауылында қоймалар жалдап келген. Ал жалған арақ-шарапты жасауға қажет спирт, шөлмек және акциздік белгілерді Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны арқылы жеткізіп отырған.

Жасанды өнім өңір аумағындағы көтерме және бөлшек сауда орындарымен қатар көрші Ресейге де өткізіліп келіпті. Бір ғана тәулікте екі мыңға жуық жалған спирттік өнім әзірлеген қылмыскерлер екі жыл ішінде қымбат темір тұлпарлар мініп, тіпті шетелге бірге демалысқа да барған екен. Қылмыстық топқа көсбасшалық еткен 46 жастағы азаматша сот 7,5 жылға бас бостандығынан айырды.

Оқи отырыңыз
Ресейден қайтып келген отандасымыз жертөледе тұрып жатыр
- Қылмыстық кодекстің бірнеше баптары бойынша, оның ішінде,  ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу үшін айыпталған Айнаш СЕЙСЕНБАЕВА  қауіпсіздігі орташа төмен мекемесіне қамауға алынсын, - деді Павлодар қаласы №2 қалалық сотының судьясы Жанар ТҰРЛЫБАЕВА.

Сот сондай-ақ, Сейсенбаеваның төрт сыбайластарын 3-6 жылдан қамауға алу жазасына кесті. Бұған қоса, жұртты арзан ішімдікпен алдаған олардың бәрін кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқынан айырып, екі жылда жинаған дүние-мүлкін тәркілеп, мемлекет меншігіне өткізуге үкім шығарды. Ал бұған дейін бостандықта болған күдіктілердің бірі үкім алдында сырқаттанып қалып, ауруханаға жатқызылған екен.

- Бесінші фигурант Семей қаласының тумасы. Сырқаттанып ауруханаға түсіп қалғандықтан үкімге келмеді. Бірақ, сол жатқан жерінен қамауға алынатын болады. Бұл азаматша бұған дейін ешқайда шықпау туралы қолхатпен бостандықта жүрген болатын, - деді Павлодар қалалық прокуратурасы бөлімінің аға прокуроры Жамиға АХМЕДЬЯ.

Былтыр мамыр айында қамауға алына бастаған қылмыстық топ мүшелерінің бұған дейін 108 млн теңгеге алынған дүние-мүлкіне тыйым салынғанын айта кетейік. Ал сотталушылардың өзі алдағы екі аптада соттың бұл шешіміне қатысты шағымдануға  құқылы.

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."