Қаз   Рус

Қызын зорлаған әке туралы кітап оқырмандарға ұнады

17420 қаралды
0
Сырым ИТКУЛОВ
Среда, 07 Фев 2018, 18:00

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының «Әйел» кітабы желіде қызу талқылануда

Instagram желісінде #әйел деген хэштегті терсеңіз, отандық әнші жұлдыздар мен блогерлердің танымал тележүргізуші Ләйлә СҰЛТАНҚЫЗЫНЫҢ су жаңа кітабы жайлы жазылған пікірлерді оқи аласыз.

Актриса Гүлназ ЖОЛАНОВА тіптен жаңа кітаптың үзіндісін өзінің жанкүйерлеріне дауыстап оқып берді:

«Сіздерге ішіме симай жүрген сырымды айтқым келеді. Кішкентай кезімде әкем жол апатынан қаза болды. Анамыз екінші рет отбасын құрды. Мен ол кезде 12-де едім. Өгей әкем мені ұнатпайтын. Үйде ешкім жоқта тиісіп, зорлап жүрді. Осылай 16 жасыма дейін зорланып келдім.

 Қыстыкүні өгей әкем қораға тыр жалаңаш қылып шығарып мәз болатын. Бір күні шыдай алмай анама бар шындықты айтып бердім. Ол өзімді сабай жөңелді. Көрмегенді көрдім. Сөйтіп жүргенде бір жігіт мені алып қашып кетті. Алғашында бәрі жақсы болды. Аяғым ауыр кезде жолдасым қол көтере бастады. «Сен қыз болмай келдің, мына бала менен емес» деп ұрып, үйден қуып жіберді. Аналар үйіне келіп, егіз босандым. Балаларымды бөбектер үйіне өткізуді ойлап жүрмін», - деген Гүлназдың видеожазбасы #әйел хэштэгын тағы бір толықтырды.

Ал қазақша белсенді түрде жазатын блогер Жадыра ҮМІРБАЕВА жаңа кітапты оқып шығып, сан түрлі көңіл-күйге бөлінген екен.

 «Ләйлә Сұлтанқыының "Әйел" кітабын оқып бітірдім. Шынымды айтсам, не жазарымды, не ойларымды білмей отырмын. Кітапты оқып жыладым да, күлдім де, таң қалдым да, ұрыстым да, кей жерлерде өзім көргендей де болдым. Бір түрлі түсініксіз сезімде отырмын. Бірақ, бір нәрсені нақты айта аламын, ол - әр қазақ қызы осы кітапты оқу керек. Себебі, қыз тағдыры, ол ұлт тағдыры... Кешеден бері кітаптың үзінділерін салып сіздерді әбден қызықтырғаным анық, менің парақшама 60-қа жуық қыздар қандай кітап деп сұрап жатыр», - деген қызықты жазбаны қалдырды.

Сұлтанқызының сөзіңше, ол 100-ден аса әйелдің сұрағына жауап беру үшін білікті мамандардың көмегіне жүгінгенін айтады. Айтуынша, олардың қатарында еліміздегі “ең” мықты деген псиxолог, гинеколог, маммолог, сексолог мамандар бар.

“Көмек сұрай xат жазған 123 әйелдің басындағы жайт қоғамда кең етек алғандықтан, бірін аурудан айықтырып, екіншісін псиxологиялық қолдап, басқасын суицидтен сақтап қалсын деген ниетпен ұсынып отырмыз. “Ләйлә апай…” деп xатын бастайтын қаракөз қыздарымызға жеке-жеке жауап беру мүмкін болмаса да, үнсіз қалғым келмеді”, – деп түсіндірді Сұлтанқызы.

Еске салайық, кітаптың тұсаукесері жақында Алматыда өткен еді. Тележүргізішінің үшінші әдеби туындысы әйелдердің әрқилы оқиғалары негізінде жазылған. Кітапқа тағдырдың тәлкегіне түскен жүзден аса нәзік жандардың оқиғасы енген.

Фото: inalmaty.kz.            

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.