Қаз   Рус

Туды терезеге ілу заңға қайшы емес

1223 қаралды
0
Ратель
Четверг, 08 Фев 2018, 18:30

Қазақстанның туын терезесіне іліп қойған Қызылорда тұрғынының әрекеті заңды деп танылды

Қазақстанның туын терезесіне іліп қойған Қызылорда қаласының тұрғынының іс-әрекеттері заңды деп танылды, деп хабарлайды ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз
Лондонда Қазақстан туын Тибеттікімен шатастырды

Ведоимство сайтында жарияланған хабарда айтылғандай, Жоғарғы Сот Мемлекеттік туды терезеге ілген қазақстандықтың әрекетінен заң бұзушылықтың жоқтығын анықтады

Өткен жылдың қазан айының соңында Қызылордадағы Ішкі істер басқармасының учаскелік инспекторы қала тұрғыны Сұлтан ТҰМАШИНОВҚА тиесілі пәтердің терезесінде ілініп тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көріп, осы азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырған.

Қызылорда қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметі бастығының қаулысына сәйкес С.Тұмашиновқа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 458-бабының 1-бөлігін бойынша, яғни Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын заңсыз қолданғаны үшін 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған. Әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулымен келіспеген С.Тұмашинов сотқа шағымданған.

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік соты шағымды қанағаттандырусыз қалдырғандықтан, С.Тұмашинов Бас прокуратураға жүгінген. Өз кезегінде Бас прокуратура Жоғарғы Сотқа кассациялық наразылық жолдаған.

Наразылықта Мемлекеттік туды тұрғын үйге іліп қою заңға қайшы емес және іс материалдарында С.Тұмашиновтың мемлекеттік нышанды ұлттық стандарт талаптарын бұза отырып қолданғаны туралы деректер жоқ делінген. Тудың матасына тиісті сараптама жүргізілмеген, стандарттау және метрология қызметінің қорытындысы жоқ.

Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасы кассациялық наразылық бойынша келіп түскен осы әкімшілік істі қарай келе, С.Тұмашиновтың әрекетінен ӘҚБтК-нің 458-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілерін таппады.

Осыған орай Қызылорда қаласы ІІБ жергілікті полиция қызметінің 2017 жылғы 29 қазандағы және Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының 2017 жылғы 21 қарашадағы қаулыларының күші жойылып, іс жүргізу тоқтатылды.

Жоғарғы Сот Мемлекеттік нышандар мен символдарды азаматтардың қолдануы туралы тиісті қағиданы әзірлеу қажеттігі туралы Үкіметке хат жолдады.

Дереккөз: ҚазАқпарат.

Фото: yvision.kz.

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!