Таразда кәсіпкердің ісіне байланысты сот жабық түрде өтіп жатыр
Мұратхан Тоқмәди Ержан Тәтішевті атып өлтіргенін мойындады, деп хабарлайды КТК.
Таразда 13 жылдан кейін кісі өлтіргенін мойындаған белгілі кәсіпкер Мұратхан ТОҚМӘДИДІҢ ісіне қатысты аты шулы сот процесінің алғашқы тыңдалымы өтті.
Шыны королі сот отырысына өзі келіп, адвокаты екеуі түсірілімге тыйым салуды сұрады. Судья өтінішті қанағаттандырды.
Мұратхан Тоқмәди "Тұран Әлем Банкінің" бұрынғы басшысы Ержан ТӘТІШЕВТІ қасақана жазым еткенін 13 жылдан кейін мойындап отыр.
Белгілі кәсіпкердің бұған дейін үш жылға сотталғанын айта кетейік. Ол өткен жылы бірнеше ауыр баптар бойынша айыпталып, бірақ кінәсін мойындап, әрі тергеуге көмек бергені үшін жазасы едәуір жеңілдеген. Ал, бұл жолы адам өлтіру бабы бойынша айыпталған Тоқмәди өмір бойына түрмеге жабылуы мүмкін.
Дереккөз: КТК.kz.