Қаз   Рус

Шымкентте ақсақалдар тойды несиеге жасамауға шақырды

438 қаралды
0
Ратель
Понедельник, 26 Фев 2018, 18:00

Ақылдастар алқасы жерлеу рәсімі мен тойды несиеге жасауды тоқтатуға шақырды

Оңтүстік Қазақстан облысында «Ақылдастар алқасының» отырысы өтті. Облыстық «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында өткен жиын «Ұлттық салт-дәстүрлер мен діни рәсімдердің сабақтастығын бірізділікке бағыттау мәселелері» тақырыбына арналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алқалы жиынға облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков пен облыстық, қалалық, аудандық ардагерлер кеңестерінің төрағалары қатысты. Сондай-ақ зиялы қауым өкілдері мен дін саласының қызметкерлері, төбе билер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері шақырылды. Басқосуда дін мен дәстүрдің арасына жік салып жүрген кейбір топтардың әрекеттеріне қарсы тұру жайы сөз болды.

Мәселен, өз отандастарының, бауырларының арасында алауыздық тудыру арқылы ортаға теріс әсер қалыптастырып жүргендердің қоғамға қауіп төндіріп келе жатқаны әңгіме арқауына айналды. Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары ұлт болып қалыптасқалы бері жинақталған сан ғасырлық құндылықтарды, дәстүрлі дінді кейбіреулердің теріске шығаруға ұмтылғаны орынсыз екенін жеткізді.

«Қазақ халқының ұлттық ұғымымен ұштасқан Ислам діні ешуақытта дәстүрді теріске шығарған емес. Сондықтан да мұсылман қауымына жататын әрбір ұлттың ұлт болып қалыптасуындағы салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын діннен бөлек, діни наным-сенімдерінен ажыратып, бірін екіншісінен  оқшаулап қарау мүмкін емес», - деді Ұласбек Сәдібекұлы.

Сондай-ақ, жиында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан  дәстүрлі діннің құндылықтарын халық арасында насихаттап, дін мен дәстүр байланысын нығайта түсу жолында атқарылған игі істер айтылды. Алайда, аталған мәселені шешуге бұл шаруалар аздық ететіні, онымен қоғам болып күресу керек екенін айтты жиналғандар. Мәселен, қоғамдағы діни рәсімдер мен жоралғыларды жүргізу барысында ысырапшылдыққа жол бермеу, жерлеу рәсімдері мен той жиындарға несие алуды тоқтату мәселесі айтылды. Зираттарды күтіп ұстау мәселелерімен зиялы қауым өкілдерінің айналысуы керектігі сөз болды. Сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен «Жаназа және діни рәсімдер» кітабын көмекші құрал ретінде пайдалану ұсынылды.

Дереккөз: inform.kz. 

Фото: inform.kz, mix.tn.kz. 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!