Қаз   Рус

Шұлықсыз жүрген Қоянбаевтың киносына Астана әкімі келді

254 қаралды
0
Динар ҚАМИЛҚЫЗЫ
Суббота, 23 Дек 2017, 14:00

«Жұлдызды» Instagram жаңалықтары

@ koyanbayevnurlan «Түнгі студия» бағдарламасына ел президенті қатысып, беделі бір көтерілген ҚОЯНБАЕВ Нұрлан тағы да кино түсіріп үлгерді. Өткен жылы «Бизнес по-казахски» атты комедиялық жанрдағы туындысын тарту еткен ол, аталмыш фильмнің жалғасын түсіруді жөн көрсе керек. Бірақ, бұл жолғы фильмнің тұсауы Астанада кесілді. Қоянбаевтың киносының алғашқы қойылымынан шенеуніктер де қалыс қалмаған.

«Астана қаласының әкімі Әсет Өрынтайұлы отандық фильмді қолдап, бүгін «Бизнес по-казахски в Америке» киносының премьерасына арнайы келді. Көп рахмет сізге! Және досым, әріптесім, фильмге бірлесе продюсерлік еткен Санжар МҰСТАФИНГЕ де көп рахмет» - деп, алғысын әлеуметтік желі арқылы білдірген екен. Бірақ, жұрттан ерекшеленгісі келді ме, Нұрлан өзі түсірген фильмнің тұсаукесеріне шұлықсыз келген. Желідегі жалаңаяқ суретін байқаған оқырмандары оның бұл қылығын қалжыңға баласа, енді бірі қазақтың жігіттеріне мұндай «стильдің» ерсі көрінетінін жеткізген.

@zhanbolatzhaziraa Сахнада бірге өнер көрсетіп келе жатқан жұлдызды жұп Жазира мен Жанболат әлеуметтік желіде де ортақ парақша ашқанды жөн көрген. Бірақ қазақ қызының тәрбиесіне сай отағасының алдын орамайтын Жазира, инстаграм бетінде жазба қалдырып, жаңалық бөлісуде алдына жан салмайды. Әдемі суреттерінің тұсына пікір жазып, іштегісін оқырманына жайып салатын әнші бұл жолы көпке сауал салғанды жөн көріпті. Мәселен, адамдар арасындағы шен мен шекпенге қарай жікке бөлу Жазираның жанына бататын болса керек.

«Бірде халықты басқарып отырған адамның өзінен жиырма жас үлкен кісіні «сен» деп жұмсап отырғанын көрдім. Ал, қарт кісі басшыға «сіз» деп сөйлеп тұр. Мен сұрадым: «Егер ойламаған жерден жасы үлкен кісі сіздің бастығыңыз болса қалай сөйлесесіздер?» деп. Ол кісілер автоматты түрде «сіз» бен «сен» ауысады дейді. Әр адамның статусына қарай сөйлеседі екен. Мен кей басшылардың осындайларын түсіне алмаймын. Мүмкін менің ойым дұрыс емес шығар. Сіз жұмыс істейтін жерде басшыңыз үлкен кісіге «сіз» дей ме, әлде «сен» дей ме?» -депті Жазира БАЙЫРБЕКОВА.

@moldir.auelbekova Ел арасында күйеуімен ажырасып кетті деп қауесетке қалған әнші Мөлдір ӘУЕЛБЕКОВА шығармашылыққа мықтап кірісті. Ол енді жеке басының мансабынан тыс, жаңа топтың да жұмыстарымен айналысатын болады. Яғни, әншілікті продюсерлікпен ұштастырмақ.

«Ал, таныс болыңыздар! Менің жобам «NAZAR» тобы»- деп, желіге әдемі төрт қыздың суретін салды.

Оқырмандардың бірі Мөлдірдің жаңа жобасына жеміс тілесе, енді біреулері топтың атын өзгертуін сұраған. Slnazym атымен тіркелген оқырманы: «Салтымызға сай өнегелі, тәрбиелі топ болсын. Ашық-шашықтар онсыз да толып жүр. Бұлар олардың қатарынан болмас деп үміт артамыз!» - деп, жаңа топқа талап қойған екен.

@roza_alkozha01 Роза ӘЛҚОЖА соңғы кездері ел өңірлерін аралап концерт беріп, өнерсүйер қауымды қуантып жүр. «Мен сыйға тартқан орамал» атты дүкендер желісін ашып, кәсіпке ден қойған Роза бәріне үлгеріп бағуда. Сахнадан тыс бес баланың тәрбиесін бірдей келістіріп отырған әнші қазақтың қаракөздеріне әр кез үлгі. Осы жолы Роза тағы да мәрттік танытты. Неге десеңіз, бүгінде ел ішіне шығып, өнер көрсеткен әнші атаулының облыс орталықтарынан әріге бармайтыны белгілі. Ал, Роза асфальтте өскен әншілер табан тірей бермейтін, жолының сүрлеуі қиын бір кезгі Семей облысының қияндағы елдімекендерін аралап қайтты.

«Аягөз елі, қошеметке мың алғыс! Әр көрерменнің көзіндегі мейірім, ыстық ықылас біраз уақыт толқытып, тебірентері сөзсіз» - деп жазды ол, концерт барысындағы фото суреттер мен бейнежазбаларды бөлісіп. Билет таусылып қалып, көңілді кешті көре алмай қалған тыңдармандары әншіге алғыс жаудырып, ауыл-аймаққа жиі атбасын бұрып тұруын өтінген.

Фото: Instagram.com 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!